Об организации общественных работ в Аккайынском районе в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 және 20 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі ic - шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына, өзгертулер мен толықтыруларын ескере отырып «Қоғамдык жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» Солтустік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі (туркеу нөмipi № 398 2001 жылғы 30 шілдедегі) қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) 1 қосымшаға келісілді, 2007 жылға арналған төленетін қоғамдық жұмыстардың тізбесі;
Тармақша 2
2) 2 қосымшаға келісілді, 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың жоспары.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері қоғамдық жұмыстар жоспарының 2007 жылдың ішінде орындалуын қамтамасыз етсін, жоспардың орындалуы туралы ақпаратты ай сайын 25 куні бepciн.
Тармақ 3
3. «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) аудан округтеріне шаққандағы жұмыссыздардың мақсаттық топтарын анықтасын;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарға бірінші кезекте мақсаттық топқа жататын жұмыссыздарды тартсын;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмыста жұмыс істейтін тұлғалардың еңбек ақысы, облыс әкімдігінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды есепке ала отырып «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптк даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 (тіркеу № 398) қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруде және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережеге сәйкес төлесін.
Тармақ 4
4. «Аққайың аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қогамдық жұмыстардың қаржыландыруын 2007 жылға бeкiтiлгeн қаражат eceбінен жузеге асырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. М. Нуркеновқа жүктелсін. Келісілді Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы Булатецкая З.Т. Аққайың аудандық қаржы бөлімі бастығы Гонтарь Е.В.
Басқа 11. Төленетін қоғамдық жұмыстардың ТІ3БЕСІ
Аққайың ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 292 қаулысына 1 қосымша Төленетін қоғамдық жұмыстардың ТІ3БЕСІ
Тармақ 1
1. Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына елді мекендердің аулаларын жинауда көмек көрсету.
Тармақ 2
2. Жол салу және жөндеу, су құбыры, газ, канализациялык және басқа да коммуникацияларды салу, кеспе тас және жол жиегінің тастарын салу, сондай-ақ сол жұмыстар үшін қосалқы материалдарды (құрылыс тастарын, қиыршык тас, плиталар, құм т.б.) дайындау. Елді мекендердегі жолдарды кезекті жөндеу (шуңқырларды және жол жиегін қолда бар материалдармен жабу, көпір салу, кipic жолдарын жөндеу).
Тармақ 3
3. Мелиоративтік жұмыстар, сондай-ақ көктемгі-күзгі су тасқынына байланысты жұмыстарды жүргізу.
Тармақ 4
4. Тұрғын үйлер құрылысына, қайта құру мен түубегейлі жөндеуге қатысу. Коммуналдық меншік болып табылатын әлеуметтік және мәдениеттік бағыттардағы (ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер) және білім беру объектілерінде, селолық округ әкім аппараттарына және басқа да бюджеттік ұйымдар үшін жалға алған ғимараттарды, егер жергілікті бюджеттерде осы мақсатқа қаржы қарастырылмаған болса, немесе олар объектілерді тиісті жағдайда ұстауға жеткіліксіз болса, қысқа дайындау, жөндеу және құрылыс жұмыстарын атқару бойынша көмек көрсету.
Тармақ 5
5. Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді және қорық жерлерін қалпына келтіру.
Тармақ 6
6. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, аумақтарды көркейту (ағаш отырғызу, гул егу) және орман шаруашылығының, демалатын жерлер мен туризм жерлерін сақтау және еркендету, қанғырма жануарларды аулау.
Тармақ 7
7. Спорттық ісшараларды, мерейтой салтанаттарын, мемлекеттік мерекелерге арналған ісшараларды дайындауға қатысу, соның ішінде мұз қалашықтарын салуда қосалқы жұмыстарды да атқару.
Тармақ 8
8. Республикалық және аймақтыкқ қоғамдық науқандарға қатысу (сауалнама жургізу, халық, санағы, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша статистикалық тексеріс.
Тармақ 9
9. Халықтың аз қамтамасыз етілген жіктеріне және жалғыз тұратын қарттарға, жаңа келген оралмандарға, сондай-ақ аудандардың коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар мен әлеуметтік-мәдиниет нысандарына отын және жемазық дайындау, көмірді жеткізуге және түcipyгe көмек көрсету.
Тармақ 10
10. Үй шаруашылығының санағына және шаруашылық кітабын жасауға көмек көрсету.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік-мәдиниет бағытындағы маңызды нысандарды, сондай-ақ аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі бос ғимараттарды күзету.
Тармақ 12
12. Алыс елді мекенде тұратын халықты төл құжаттандыру жөніндегі ұйымдастырушылық жұмысқа уақытша көмек (халықты төл құжаттандыру үшін қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу бойынша көмек).
Тармақ 13
13. Селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық органдарына жәрдемдесу жасақтарына қатысу.
Тармақ 14
14. Ecipткi заттар тарату және пайдаланудың болжамалы жерлеріндегі, сенім пунктерінде жұмыс.
Тармақ 15
15. Балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын балалар - жасөспірімдер клубтары арқылы ұйымдастыру жөнінде бip жолғы жұмыстарды (мереке күндеріне және мерейтойларға дайындық) жүргізу.
Тармақ 16
16. Саябақтар скверлердің аумағын көркейту және күзету (жеке меншік нысандарынан басқа).
Тармақ 17
17. Зираттарды, қоқыс жинайтын жерлерді көгәлдандыру, соның ішінде қалдықтар жинауды ұйымдастыру.
Тармақ 18
18. Бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде жылу беру маусымы кезінде пеш жағушы ретіндегі жұмыс.
Тармақ 19
19. Жалғызбасты ауру қарт азаматтарды күту (тамақ, дәрі-дәрмек сатып әкелу, үй ішін жинау, ағарту, еден сырлау, кip жуу, көкөніс отырғызу, арам шөп жұлу және жинау).
Тармақ 20
20. Иесіз жылжымайтын мүлікті айқындауда көмек көрсету.
Тармақ 21
21. Турғындарды тұрақты жері бойынша құжаттарда және тіркеуде техникалык қызмет көрсету.
Тармақ 22
22. Оралмандарды қабылдау мен орналастыру бойынша тапсырмаларды орындау.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік тілдегі үндеулер бойынша ic - жургізуде көмек көрсету.
Тармақ 24
24. Құжаттарды сақтауға өндеу және даярлауға көмек көрсету.
Тармақ 25
25. Жұмыспен қамту және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы белгілегенде қажетті құжаттарды жинау мәселелері бойынша көмек көрсету.
Тармақ 26
26. Құқығы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес рәсімделмеген Аққайың ауданы аумағындағы жылжымайтын мулікті жария ету комиссиясына жылжымайтын мулікті өлшеуді жузеге асыру бойынша көмек көрсету. Ескерту: 6, 11, 17, 18 және 19 тармақтармен белгіленген жұмыстар, ұйымдар мен мекемелердің штат кестесінде тиісті бірлік болмаған жағдайда және егерде бұл мақсаттарға жергілікті бюджетте қаражат қарастырылмаса қолданылады.
Басқа 38. 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ЖОСПАРЫ
Аққайың ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 292 қаулысына 2 қосьшша 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ЖОСПАРЫ Округтердің атаулары 2007 жылға жоспар Адам саны Сомасы мың теңге 1. Астрахан 10 233 2. Аралағаш 26 607 3. Власовка 10 233 4. Григорьевка 18 420 5. Ивановка 9 210 6. Қиялы 30 700 7. Лесной 32 746 8. Полтавка 15 350 9. Смирново 105 2449 10. Тоқшын 32 746 11. Шағалалы 13 303 12. Черкасс 10 232 БАРЛЫҒЫ: 310 7230 Ескерту: Қоғамдық жұмыстар жүргізуідің орта мерзімі бір жұмыссызға 1,7 ай.