Об организации оплачиваемых общественных работ в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Заңың іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін орындауда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыру үшін жұмыс орындарын беретін үйым болып, бірінші басшысының келісімі бойынша, «Жәрдем-2» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі және 2006 жылдағы ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің тізбесі бекітілген (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. «Жәрдем-2» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры А.И. Яковщенқоға ұсыным (келісім бойынша), «Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыруға шарт жасау үшін 2007 жылдағы бекітілген қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің тізбесіне сәйкес Таран ауданының аумағында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. «Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Л.Г. Өтешева (келісім бойынша) тіркеу күніне сәйкес, кезекті тәртібінде есепте тұратың жұмыссыздардың кәсіпорындарына бағыттасын, халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарына қатысу үшін басымды құқықтары бар болады.
Тармақ 4
4. «Таран ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы В.С. Пирог (келісім бойынша) тізімде бекітілген және кәсіпорындар ұсынатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін ескертсін.
Тармақ 5
5. 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 2 «2006 жылдағы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-19, 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 4 «Шамшырақ») Таран ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әлеуметтік мәселелері жөніндегі аудан әкімінің орынбасары Қ.Ж. Сүйіндіқовқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы ресми басылым күнінен бастап 10 күнінен кейін күшіне енеді.
Басқа 8
Әкімдіктің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 370 қаулысына қосымша