О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
2007 жылдағы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыруда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік, басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халыктың нысаналы топтары ретінде келесі тұлғалар тізімі бекітілсін:
Тармақша 1
1) Шағын қамтылғандар;
Тармақша 2
2) Кәмелет жасқа толмаған балалары бар, көпбалалы немесе жалғызбасты ата-аналар;
Тармақша 3
3) 16 дан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар;
Тармақша 4
4) 21 жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 5
5) 23 жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар;
Тармақша 6
6) зейнет алды жастағы тұлғалар (жасы бойынша зейнетке шығуға 2 жылы бар);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) бостандығынан айырылған немесе емделуге мәжбүр еткен жерлерден босатылғандар;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарынан босатылған тұлғалар;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрдайым күтім, көмек немесе бақылау қажет ететіндер қатарына жатқызылған тұлғаларды асырайтын азаматтар;
Тармақша 11
11) оралмандар;
Тармақша 12
12) 50 жастан асқан кісілер;
Тармақша 13
13) біраз уақыт(жылдан астам) жұмыссыз азаматтар;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының "Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беру туралы" Заңының күшіне енетін балалар ата-аналары.
Тармақ 2
2. "Таран ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі мемлекеттік мекемесі (Өтешева Л.Г.):
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтағы тіркелген жұмыссыздардың, лауазымды және бос жұмыс орындарына, кәсіптік дайындауға, біліктігін көтеруге, қоғамдық жұмыстарға қатысуға және басқа да әлеуметтік қорғау іс-шараларың көрсетуге басымды құқықтарының болуын қамтамасыз етеді:
Тармақша 2
2) халыктың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды жұмыспен қамтылуының ай сайынғы мониторингін жүріп отырсын.
Тармақ 3
3. 2006 жылғы 20 наурыздағы № 62 "2006 жылдағы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-24, "Шамшырақ" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 16) Таран ауданы әкімдігінің қаулысын күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ж. Сүйіндіковке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми басылым күнінен бастап он күнінен кейін күшіне енеді.