Қызылорда облысы бойынша 2007 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің мөлшерін белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысы бойынша 2007 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің мөлшерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Салық Кодексінің 462-бабына, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 10-бабына және «Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 4 қазандағы № 295-ө бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4443 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда облысы бойынша 2007 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің мөлшері қосымшаға (қоса беріліп отыр) сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы іпешім мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және баспасөзде жариялауға жатады.
Басқа 3
Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы XXXI сессиясының № 323 шешіміне қосымша Қызылорда облысы бойынша 2007 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің мөлшері р/с Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Мөлшер (ставка) теңге 1. Мұнайдың ілеспе газын факелдерге жаққанда ауаға тасталатын ластагыш заттар шартты тонна 9894,96 2. Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылар шартты тонна 298,0 3. Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығындылары: этилдендірілген бензин тонна 396,14 этилдендірілмеген бензин тонна 210,66 дизель жанар майы тонна 346,47 сұйытылған табиғи газ тонна 253,59 4. Қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері: су объектілеріне шартты тонна 8812,0 коллекторлық-кәріздеу сулармен текше метр 0,011 5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру 5-қауіптілік сыныбы тонна 157,29 4-қауіптілік сыныбы тонна 314,58 3-қауіптілік сыныбы тонна 629,16 2-қауіптілік сыныбы тонна 2516,64 1-қауіптілік сыныбы тонна 5033,28 6. Қайта өңдеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру: иондалған гамма-басты сәулелену көздер дана 7910,92 нейтрондық көздер дана 5029,13 әлсіз радиоактивті қалдықтар тонна 3853,04 7. Сынапты шырақтарды сақтау дана 81,74