Об организации оплачиваемых общественных работ в Щучинском районе на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Щучье ауданында 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, 20 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды үйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8 тармақтарына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, халықтың жұмыспен камтылуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдер жүйесін кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырылған, Щучье ауданында 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің тізбесі, жұмыстың түрі, еңбек жалақысының мөлшері және қаржыландыру көзі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Щучье ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (В.И. Корнеева) 2007 жылға арналған аудандық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаржы шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды уақытында қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Щучье ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № а-2/69 «Щучье ауданында 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар үйымдастыру туралы» қаулысы (Щучье ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 10 ақпанда 1-19-69 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 23 ақпанда аудандық «Бурабай» газетінің 8 нөмірінде, 2006 жылғы 23 ақпанда аудандық «Луч» газетінің 16 нөмірінде жарияланған) күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының күші 2007 жылғы 3 қаңтардан туындаған қүықтық қатынасқа таралады.
Тармақ 6. ЩУЧЬЕ АУДАНЫНДА 2007 ЖЫЛҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ, ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТІЗІМІ, ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ, ЕҢБЕК ЖАЛАҚЫСЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан экімінің орынбасары Т.Қ. Алтаеваға жүктелсін. БЕКІТІЛГЕН 25.01.2007 ж. №а-1/31 қаулысымен Щучье ауданы әкімдігінің ЩУЧЬЕ АУДАНЫНДА 2007 ЖЫЛҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ, ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТІЗІМІ, ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ, ЕҢБЕК ЖАЛАҚЫСЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ № р/н Кә­сі­по­рын­дар­дың, ұй­ым­дар­дың, ме­ке­ме­лер­дің ата­у­ла­ры Қо­ғам­дық жұ­мыстар­дың түр­ле­рі Жұ­мыстың өт­кі­зі­лу мер­зі­мі Ба­ғыт­тал­ған жұ­мыс­сыздар­дың са­ны Бір ең­бе­ка­қы­сы­ның мөл­ше­рі (тең­ге) Қар­жы­лан­ды­ру КӨ­ЗІ 1 2 3 4 5 6 7 1. ШЖҚ «Тазалық-Сервис» МКК Қала көшелерін санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру. Жолдардың шұңқырлық жөндеу. Жол-нұсқау белгілерін орнату. Сквердің күтімі. Әлеуметтік-мәдени саладағы объекттерді қайта жанарту мен жөндеуге қатысу. Қар мен мұздан тазарту. Қар қалашығының құрылысы. Жыл барысында 150 9752 Жергілікті бюджет 2. ШЖҚ «Термо-Транзит» МКК Жылыту бойынша коммуналдық қызмет үшін қаржы жинау. Жыл барысында 3 9752 жергілікті бюджеттен 4876 теңге жұмыс бе- рушінің қаржысынан 4876 теңге 3. Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі Әскерге шақыру және тіркеу комиссиясы кезеңінде көмек көрсету. Ақпан - наурыз Мамыр - маусым Қазан - желтоқсан 8 9752 Жергілікті бюджет 4. Щучье ауданының әділет баскармасы Халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша шараларды ұйымдастыруда көмек көрсету. Жыл барысында 2 9752 Жергілікті бюджет 5. Щучье ауданының прокуратурасы Құқық қорғау органдарындағы алдын-алу жұмыстары. Жыл барысында 2 9752 Жергілікті бюджет 6. Щучье аудандық соты Соттағы алдын алу жұмыстары. Жыл барысында 2 9752 Жергілікті бюджет 7. Щучье аудандық ішкі істер бөлімі Участкелік инспекторларға халықты құжаттандыру бойынша шараларды ұйымдастыруда көмек көрсету. Жыл барысында 1 1 9752 9752 Жергілікті бюджет 4876 теңге жұмыс берушінің қаржысынан 4876 теңге 8. Щучье ауданының мемлекеттік мұрағаты Кітаптарды жаңғырту мен мүрағатын мәліметтерді өңдеу. Жыл барысында 2 9752 Жергілікті бюджет 9. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Зейнетакыны кайта есептеу кезінде көмек көрсету. Жыл барысында 1 9752 Жергілікті бюджет 10. Абылайхан селолық округі Ауылды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау. Учаскелік комиссияларға әлеуметтік карталармен жұмыс істеуде көмек көрсету. Үй-үйді аралау және тұрғындардың санағын алу. Жыл барысында 6 9752 Жергілікті бюджет 11. Веденов селолық округі Ауылды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау. Учаскелік комиссияларға әлеуметгік карталармен жұмыс істеуде көмек көрсету.Тарихи-сәулеттік ескерткіштерді қалпына келтіру емдеуге көмектесу. егуге көмектесу. Жыл барысында 4 9752 Жергілікті бюджет 12. Зеленобор селолық округі Ауылды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау. Учаскелік комиссияларға әлеуметтік карталармен жұмыс істеуде көмек көрсету. Үй-үйді аралау және тұрғындардың санағын алу. Жыл барысында 4 9752 Жергілікті бюджет 13. Златополье селолык округі Ауылды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау. Учаскелік комиссия -істеуде көмек көрсету. Үй-үйді аралау және тұрғындардың санағын алу Жыл барысында 8 9752 Жергілікті бюджет 14. Кенесары селолык округі Ауылды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау. Учаскелік комиссияларға әлеуметтік карталармен жұмыс істеуде көмек көрсету. Үй-үйді аралау және тұрғындардың санағын алу. Ветеринарлық инспектарларға малдарды егуге көмектесу. Жыл барысында 15 9752 Жергілікті бюджет 15. Климов селолық округі Ауылды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау. Учаскелік комиссияларға әлеуметтік карталармен жұмыс істеуде көмек көрсету. Үй-үйді аралау және тұрғындардың санағын алу. Иесіз құрылыстарды бұзуға көмектесу. Жыл барысында 7 9752 Жергілікті бюджет 16. Қатаркол селолық округі Ауылды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау. Учаскелік комиссияларға әлеуметтік карталармен жұмыс істеуде көмек көрсету.Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру. Үй-үйді аралау және тұрғындардың санағын алу. Жыл барысында 5 9752 Жергілікті бюджет 17. Наурызбай селолык округі Ауылды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау. Учаскелік комиссияларға әлеуметтік карталармен жұмыс істеуде көмек көрсету. Үй-үйді аралау және тұрғындардың санағын алу. Ветеринарлық инспектарларға малдарды егуге көмектесу. Жыл барысында 5 9752 Жергілікті бюджет 18. Ұрымкай селолық округі Ауылды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау. Учаскелік комиссияларға әлеуметтік карталармен жұмыс істеуде көмек көрсету. Үй-үйді аралау және тұрғындардың санағын алу. Жыл барысында 5 9752 Жергілікті бюджет 19. Успеноюрьев селолық округі Ауылды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау. Учаскелік комиссияларға әлеуметтік карталармен жұмыс істеуде көмек көрсету. Үй-үйді аралау және тұрғындардың санағын алу. Ветеринарлық инспектарларға малдарды егуге көмектесу. Жыл барысында 6 9752 Жергілікті бюджет 20. Бурабай кенті Ауылды аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау. Учаскелік комиссияларға әлеуметтік карталармен жұмыс істеуде көмек көрсету. Үй-үйді аралау және тұрғындардың санағын алу. Тарихи-сәулеттік ескерткіштерді қалпына келтіру. Жыл барысында 15 9752 Жергілікті бюджет