Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости в Щучинском районе в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы Щучье ауданында тұрғындардың мақсатты топтарын және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша шараларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурызындағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, мақсатты топтардың құрамына кіретін және әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдем көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына сәйкес, мақсатты топтарға жататын адамдардың тізімі басшылыққа алынылсын.
Тармақ 2
2. Мақсатты топтарға кіретін адамдардың қосымша тізімі белгіленсін:
Тармақша 1
1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтардың (1 жылдан астам);
Тармақша 2
2) жиырма төрт жасқа дейінгі жастардың.
Тармақ 3
3. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ.Ж. Әшімянов) тұрғандардың мақсатты топтары қатарының жұмыссыздары жұмысқа орналастырылатын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің тізбесін (олардың басшыларының келісімі бойынша) белгілесін.
Тармақ 4
4. Щучье ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № а-2/70 «2006 жылы Щучье ауданында халықтың мақсатты топтарын және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша шараларды анықтау туралы» қаулысы (Щучье ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 10 ақпанда 1- 19-70 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 23 ақпанда аудандық «Бурабай» газетінің 8 нөмірінде, «Луч» газетінің 16 нөмірінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Алтаеваға жүктелсін.