Об организации социальных рабочих мест в Щучинском районе на 2007 год Күшін жойған
Басқа 0
Щучье ауданында 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағының 5-4 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурызындағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2007 жылы жасалған шарт негізінде құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды уакытша жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қоса берілген, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынып отырған жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегін төлеу бюджет қаржысы және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаржысы есебінен жүргізілсін.
Тармақ 4
4. «Щучье ауданының каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (В.И. Корнеева) аудандық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаржы шегінде әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды уақытында қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Щучье ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 30 қаңтарда № 1-19-65 тіркелген, «Бурабай» газетінің 2006 жылы 16 ақпандағы 7 нөмірінде, «Луч» газетінің 2006 жылғы 13 ақпандағы 13 нөмірінде жарияланған, әкімдіктің 2006 жылғы 14 қаңтардағы № а-1/44 «Щучье ауданында 2006 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Қаулы Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ. Алтаеваға жүктелсін.
Басқа 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынып отырған жұмыс берушілердің тізбесі
Щучье ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 25 қаңтардағы
№ а-1/33 қаулысымен КЕЛІСІЛГЕН
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынып отырған жұмыс берушілердің тізбесі
р/н
№
Кәсіпорындардың, ұйымдардың атаулары
Әлеуметтік жұмыс орындары
Жұмысты орындау мерзімі
Жіберілген жұмыссыздардың саны
Бір адамға еңбекақының мөлшері
Қаржыландыру көзі
1.
ҚСБ ОӨК
Қосалқы жұмысшы
Жыл барысында
8 адам
9752
Жергілікті бюджеттен 4876 т.
Жұмыс берушінің каржысынан 4876 т.
2
«Спутник» 11ИК
Аула сыпырушы
Жыл барысында
2 адам
9752
Жергілікті бюджеттен 4876 т.
Жұмыс берушінің каржысынан 4876 т.
3.
«Алия» ПИК
Аула сыпырушы
Жыл барысында
3 адам
9752
Жергілікті бюджеттен 4876 т.
Жұмыс берушінің каржысынан 4876 т.
4.
«Камал» ЖШС
Қосалқы жұмысшы
Жыл барысында
15 адам
9752
Жергілікті бюджеттен 4876 т.
Жұмыс берушінің каржысынан 4876 т.
5.
«Қарашілік» ЖШС
Қосалқы жұмысшы
Жыл барысында
3 адам
9752
Жергілікті бюджеттен 4876 т.
Жұмыс берушінің каржысынан 4876 т.
6.
«О.С. Окольздаев»
жеке кәсіпкер
Қосалқы жұмысшы
Жыл барысында
3 адам
9752
Жергілікті бюджеттен 4876 т.
Жұмыс берушінің каржысынан 4876 т.