Алакөл ауданында 2007 жылы жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алакөл ауданында 2007 жылы жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабының 5 тармағындағы 2 тармақшасы мен «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 13 тармағына және 37 бабының 1 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоca беріліп отырған: Алакөл ауданында 2007 жылғы жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыс түрлерінің тізбесі (1 қосымша); Алакөл ауданында 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар үшін мекемелер тізімі (2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданда жұмыссыз азаматтарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру Үшарал қалалық, Достық кенттік және ауылдық округтерінің әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы жергілікті бюджет есебінен төленсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Д.Меңлібаеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Аудан әкімнінің орынбасары Меңлібаева Салтанат Дәулетханқызы Аудан әкімі аппаратының басшысы Рафалович Сергей Васильевич Аудан әкімі аппаратының Заң кеңесшісі Қожабек Қайыржан Қожабекұлы «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Жазыбекұлы Тәшім Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім меңгерушісі Әділғазынова Күләш Райымжанқызы Нормативтік құқықтық акті ескертусіз келісілді: Алакөл ауданы әкімінің аудандық «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Смағұлов Отан Жұмабекұлы «Алакөл әйелдерді қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бейсенова Гүлнәр Айтқалиқызы «Алакөл аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Шпекова Қарлығаш Наурызбайқызы «Алакөл ауданының қорғаныс жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Чучуладзе Айдамир Исрафилұлы «Алакөл мемлекеттік табиғи қорық» мемлекеттік мекемесінің бастығы Барлықбаев Есалы Әділғазыұлы «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің Үшарал филиалының бастығы Тасболатова Күләш Тлемісқызы Қазақстан Республикасы Алматы облысы «Қазпочта» акционерлік қоғамы,Алакөл аудандық пошта байланысы торабының бастығы Қатықбаев Қайрат Әділханұлы «Қазақстан Республикасы ауыл шаурашылығы Министрлігінің Алакөл аудандық аймақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Сеирбаев Болат Төребекұлы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Алматы облыстық филиалы Алакөл аудандық бөлімшесінің бастығы Мұстафин Қажығали Ыдырышұлы
Басқа 5
1 қосымша Алакөл ауданы әкімдігің 2007 жылғы «__» ақпандағы «Алакөл ауданында 2007 жылы жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №___ қаулысымен бекітілген Алакөл ауданында 2007 жылы жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыс түрлерінің Т I 3 Б Е С I Р/с Қоғамдық жұмыс түрлері: 1. Жол салу және жөндеу, су құбырлары және басқа да коммуникацияларды жүргізу,сонымен қатар осы жұмыстарға қажетті материалдарды дайындау (құрылысқа қажетті тастар, қиыршық тас, құм және т.б.). 2. Мекемелердегі қосалқы сипаттағы жұмыстар, жүк тиеу-туару және де жалғыз басты және жалғыз тұратын қарт азаматтар мен мүгедектердің отындарын даярлау, кесу және жинау. 3. Үшарал қалалық, Достық кенттік және ауылдық округтерінің әкімдеріне, қала, ауыл және кәсіпорындардың аймақтарын тазартуға көмек көрсету. 4. Тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй қорын қайта жаңартуға, онымен қатар әлеуметтік мәдени ошақтарының жөндеуіне қатысу. 5. Тарихи-сәулет ескерткіштерін, кешендерді және қорықтық аймақтарды қалпына келтіру. 6. Аймақтарды экологиялық сауықтыру көгалдандыру, көріктендіру, орман мен бақтарды, демалыс және саяхат орталықтарын сақтау және дамыту. 7. Әлеуметтік қызмет көрсету, балалардың спорт алаңдарының құрылыстарына, демалыс кезеңінде сауықтыру лагерлерінде балалардың демалысына қызмет көрсету, қатты науқас қарт aypyларға көмектесу. 8. Мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды атқаруға спорт жарыстары, фестивальдар, басқа да әртүрлі мерекелер ұйымдастыруға көмектесу; 9. Аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге қатысу, көпшіліктің ой-пікірлерін сұрастыру, аппарат орталықтарындағы сайлау науқандары кезеңіндегі жұмыс, мүлікті жария ету науқанына көмек, ескерте шақыру науқанына қатысу. 10. Су көздерін, құдықтарды және жалпылама қолданатын бас арықтарды тазалау; 11. Ауылшаруашылық өнімдерінің зиянкестерімен күрес жүргізуге көмек көрсету. 12. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің жұмыскерлерінің қызмет көрсететін адамдарынан тысқары қалған жалғыз басты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге күтім көрсету. 13. Кітаптарды, мұрағаттық құжаттарды тігуге, қалпына келтіруге көмектесу. 14. Mүмкіншіліктері шектеулі қарттар мен мүгедектерге және аз қамтамасыз етілген азаматтарға жаңа тіркеу кітабын ауыстыруға көмек көрсету. 15. Алакөл көлінің Ақши мен Көктума аумағындағы, жағалауларындағы демалыс орындарындағы қоқыстарды жинауға көмектесу. 16. Бала күндерінен үйлерінде сабақ алатын мүгедек балаларға қызмет көрсету және олардың күтімі мен бос уақытын ұйымдастыру. 17. Түрлі үйірмелер құру арқылы аз қамтамасыз етілген отбасы балалар мәдени демалуына көмек көрсету. 18. Үшарал қалалық, Достық кенттік және ауылдық округтерге, стихиялық қоқыс орындарының пайда болуына қарсы күрес жүргізуге көмек көрсету, тазалау және қар күреу жұмыстары. 19. Үшарал қалалық, Достық кенттік және ауылдық объектілердің күзетін ұйымдастыруға көмек көрсету. 20. Әйелдер мен балалар арасында зорлық-зомбылық алуға және әлеуметттік сұрақ жүргізуге көмек көрсету. 21. Аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары үшін спорттық ойындар ұйымдастыруға көмек көрсету. 22. Мүмкіншіліктері шектеулі балалар үшін әртүрлі үйірмелер ұйымдастыруға көмек көрсету. 23. Аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған «тәрбиелеуі қиын» балалармен жұмыс. 24. Әйелдерді мазаландыратын мәселелерді қою және ашық түрде талқыға салу. 25. Көшеттерді отырғызу және оларды күтіп баптау. 26. Тылда еңбек еткен жандардың құжататарын толтыруға көмек көрсету. 27. Зейнетақы мөлшерін кайта есептеуге көмек көрсету. 28. Пошта қызметін көрсететін мекемелерге, жалғыз басты және мүгедек азаматтарта газет, журналдарын үйіне жеткізіп беруге көмек көрсету.