Об организации и видах оплачиваемых общественных работ по предприятиям Железинского района на 2007 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Железин ауданы кәсіпорындарындағы 2007 жылға төленетін қоғамдық жұмыс түрлері және оларды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Тұрғындарды жұмыспен қамтутуралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына» сай, жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төлетенін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Төленетін қоғамдық жұмыстардың қоса беріліп отырған түрлерінің тізбесі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі: кәсіпорындармен келісімшарттар бойынша жұмыссыздарға ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастырсын; қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен келісімшарттар жасап, жұмыссыз азаматтырды мұндай жұмыстарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Ұйымдар басшылары жасайтын жеке еңбек шарттарда қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз азаматтар еңбегінің нақты шарттары айқындалсын.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстарда істеген жұмыссыз азаматтар еңбегі келісімшарт негізінде нақты орындаған жұмыс көлемі үшін жергілікті бюджеттен төленуі және ең төменгі еңбекақыдан аз болмауға тиіс.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
Басқа 8. Төленетін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындар тізімі
Железин аудан әкімшілігінің 2006 жылғы «21» желтоқсан № 415/12 қаулысына 1-қосымша Төленетін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындар тізімі
Тармақ 1
1. Железин ауданы әкімдігі, Железин селолық округі әкімі аппаратының «Шебер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсәпорны.
Тармақ 2
2. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Лесной селолық округі әкімі аппаратының «Қамқор» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Прииртыш селолық округі әкімі аппаратының «Прииртышье» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 4
4. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Веселая роща селолық округі әкімі аппаратының «Мақсат» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 5
5. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Еңбекши селолық округі әкімі аппаратының «Еңбекши» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 6
6. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Уәлихан селолық округі әкімі аппаратының «Уәлихан» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 7
7. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Озерный селолық округі әкімі аппаратының «Бірлік» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 8
8. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Башмашын селолық округі әкімі аппаратының «Ертіс» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 9
9. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Михайлов селолық округі әкімі аппаратының «Өркен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 10
10. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Ақтау селолық округі әкімі аппаратының «Ақтау» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 11
11. Железин ауданы әкімдігі, Железин ауданы Қазақстан селолық округі әкімі аппаратының «Әділет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Басқа 20. Төленетін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындар тізімі Железин ауданы бойынша 2007 жылға арнлаған төленетін қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі
Железин аудан әкімшілігінің 2006 жылғы «21» желтоқсан № 415/12 қаулысына 2-қосымша Төленетін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындар тізімі Железин ауданы бойынша 2007 жылға арнлаған төленетін қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына елді мекен аумаған жинастыруға (аумақты қардан, қоқыста тазалау, ескі қалған құрылымдарды сыру, қоқысты шығару және ұйымдастырылмаған үйінділерді жою) көмек көрсету; жолдарды жөндеуге және салуға (шұнқырларды жабу, тегістеу, түйіндеу) қатысу; коммуналдық меншіктегі жайларды, сондай-ақ әлеуметтік мәдени маңыздағы объектілерді қайта құруға және жөндеуге қатысу; ауданды экологиялық сауықтандыруға (көшеттерді отырғызу және күту, гүлзар, клумбаларлдың құрылымын ұйымдастыру) қатысу; мәдени мақсатты ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруға (спорттық жарыстар, фестивальдер, балалар спорт алаңдарын құруға) көмек көрсету; республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге қатысу (қоғамдық пікірді сұрастыруға, халық санағын жасауға, Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына күзгі-көктемгі шақыруларды ұйымдастыруға көмектесу); коммуналдық меншік объектілерінің күзету; атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар рәсімдеуде учаскелік комиссияның техникалық жұмысын жүргізу, тұрғындарды құжаттандыру (коммуналдық кәсіпорындар арқылы келісім бойынша): ветеринарлық-алдын алу іс-шараларын жүргізу; жалғызіліқті қарт азаматтарға көмек көрсету және күтім жасау; тарихи – архитектуралық ескерткіштер мен обелискілерді қалпына келтіру; зиянкес жәндіктермен күрес бойынша зерттеулік және химиялық жұмыстар жүргізу.