«Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на предприятиях Ерейментауского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ерейментау ауданының кәсіпорындарында 2007 жылға жұмыс орындарының жалпы санынын үш пайызы шамасында мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-11 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармағына, жұмыс іздестіруде қиындыққа кезіккен мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды жұмыспен қамту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1 .«Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы шамасында мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілейтін болсын.
Тармақ 2
2. Мүгедектерді еңбекке орналастыруға арналған кәсіпорындар тізбесі мен құрылатын жұмыс орындарының саны қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектерді құрылатын жұмыс орындарына жіберетін болсын.
Тармақ 4
4. Қаулы Ерейментау ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі, баспасөзде ресми жариялауға жатады.
Тармақ 5
5. Нақты қаулының іс-әрекеті 2007 жылдың 1 қаңтардан бастап таралады
Тармақ 6
6. Аудан әкімінің орынбасары С.Н. Дүйсембаеваға осы қаулының орындалуын бақылауға тапсырма берілсін.
Басқа 6
Қосымша 2007 жылдың «23» қаңтар № а-1/18 Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Мүгедектерді еңбекке орналастыру үшін құрылатын жұмыс орындары мен кәсіпорындарының тізбесі № кәсіпорын атауы мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны 1 «Ерейментау аудандық мәдениет үйі» Мемлекеттік қазыналық коммуналды кәсіпорны 1 2 Мектеп бақша шағын гимназиясының «Сказка» мемлекеттік мекемесі 1 3 Ақмола облысы денсаулық сақтау департаменті Ерейментау орталық ауруханасы мемлекеттік мекемесі 5 4 «Трансстрой Ерейментау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 5 «Ақжол-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 6 «811 Авторемонтный завод Қазақстан Инжиниринг» акционерлік қоғамы 1 7 «Кәсіптік лицей-18» мемлекеттік мекемесі 1 8 Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жұмысын жүргізу құқығындағы «Ерейментау Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны 1 9 Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жұмысын жүргізу құқығындағы «Теплосервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 3 10 Ерейментау станциясының «Ремпуть» Путевая машинная станция № 25 акционерлік қоғамының филиалы 2 11 «Ерейментау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 5 12 «Эльбор» өндірістік кооперативі 1 13 Ерейментау жол дистанциясы Қазақстан Теміржолы Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы 2