Об утверждении Перечня целевых групп населения на 2007 год Күшін жойған
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарының 2007 жылға арналған Тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 5, 7-баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарының 2007 жылға арналған Тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Арқалық қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 252 «Халықтың нысаналы топтарының 2006 жылға арналған Тізбесін бекіту туралы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-33) «Арқалық хабары» газетінің 2006 жылғы 07 шілдедегі 26 (100) нөмірінде жарияланған қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Р.С. Жақыповаға жүктелсін.
Басқа 5
Арқалық қаласы әкімдігінің 2006 жылғы «19» қаңтардағы № 73 қаулысыма қосымша
Халыктын нысаналы топтарының 2007 жылға арналған Тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз азаматтар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анананың қамқорлығынсыз қалган жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаган балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, қөп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды кажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткен жұмыссыздар, бастауыш, орта, жоғары кәсіби білімдері бар түлектер.