О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыс пен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес тұрғындардың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Успен ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Ж. Шаихова):
Тармақша 1
1) жұмыс берушілермен (келісім бойынша) шарт бойынша тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін шарт жасасын.
Тармақ 3
3. Успен ауданының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Жүніспаева С.О.) әлеуметтік жұмыс орындарының аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде өз уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 8. Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі
Успен ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «3» қантар «Успен
ауданында жұмыспен қамту
саласында азаматтарды әлеуметтік
қорғау жөніндегі қосымша шаралар
туралы» № 32/1 қаулысына қосымша
Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі
Тармақ 1
1. Дәрігерлік комиссияның анықтамасы бойынша еңбек етуге шектеуі бар адамдар;
Тармақ 2
2. Орта жастан жоғары адамдар (50 жастағы және одан жоғары);
Тармақ 3
3. Жұмыс өтілі және мамандығы жоқ адамдар;
Тармақ 4
4. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жылдан аса);
Тармақ 5
5. 24 жасқа дейінгі жастар.