Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2007 года областным бюджетом Южно-Казахстанской области на экспертизу качества казахстанского хлопка-волокна Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесiн бекiту туралы
"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi ағымдағы нысаналы трансферттердiң бекiтiлген сомаларын Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiне аударуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi:
Тармақша 1
1) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне ай сайын есептiден кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 16 ақпандағы
N 121 қаулысымен
бекiтiлген
Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттiк бағдарламасының 108 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiне қазақстандық мақта талшығының сапасын сараптауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражатының есебiнен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi Оңтүстiк Қазақстан облысының облыстық бюджетiнiң пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысының облыстық бюджетiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған қаражат (бұдан әрi - субсидиялар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге бюджеттiк бағдарламаның паспортында белгiленген көлемде мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындардың құнын толық өтеуге арналады.
Тарау 2. 2. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығынды толық өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
2. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығынды толық өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
Тармақ 4
4. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтер көрсетушi (бұдан әрi - қызметтер көрсетушi) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленедi.
Тармақ 5
5. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтердi сатып алушылар Қазақстан Республикасының аумағында өсiрiлген мақтаның иелерi - отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер (бұдан әрi - қызметтердi сатып алушы) болып табылады.
Тармақ 6
6. Қызметтердi сатып алушылар лицензияланған мақта өңдеу ұйымдарына мақтаны жеткiзедi.
Тармақ 7
7. Мақта өңдеу ұйымдары қызметтер көрсетушiге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтердi сатып алушылардың тiзiлiмiн ұсынады.
Тармақ 8
8. Қызметтер көрсетушi, мақта өңдеу ұйымы мен Оңтүстiк Қазақстан облысының облыстық ауыл шаруашылығы департаментi (бұдан әрi - Ауыл шаруашылығы департаментi) арасында мақта талшығының сапасын бағалау жөнiндегi қызметтер көрсетудiң үш жақты шарты жасалады.
Тармақ 9
9. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде қызметтер көрсету фактiсi бойынша қызметтер көрсетушi мақта өңдеу ұйымдары ұсынған қызметтердi сатып алушылар тiзiлiмдерiнiң негiзiнде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсiн жасайды.
Тармақ 10
10. Қызметтер көрсетушi субсидиялар алу үшiн ай сайын есептiден кейiнгi айдың 10-күнiне қарай Ауыл шаруашылығы департаментiне мынадай құжаттарды ұсынады:
мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсiн;
мақта талшығының сапасын растайтын құжаттардың көшiрмелерiн.
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылығы департаментi он жұмыс күнi iшiнде субсидиялар алу үшiн қызметтер көрсетушi ұсынған құжаттарды тексередi. Ауыл шаруашылығы департаментi қызметтер көрсетушi ұсынған растаушы құжаттардың негiзiнде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар төлеуге арналған ведомосты қалыптастырады.
Тармақ 12
12. Ауыл шаруашылығы департаментi үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн және ақы төлеу шотын ұсынады.
Тармақ 13
13. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi төлемдер бойынша бекiтiлген қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидияларды қызметтер көрсетушiнiң шотына аударады.
Тармақ 14
14. Ауыл шаруашылығы департаментi субсидиялар төлеу үшiн берiлетiн құжаттардың шынайылығы үшiн жауапты болады.
Тармақ 15
15. Ауыл шаруашылығы департаментi Ауылшарминiне ай сайын есептiден кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде бюджеттiк бағдарламаның iске асырылуы туралы есеп бередi.
Тармақ 16
16. Ауылшарминi және Ауыл шаруашылығы департаментi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының тиiмдi және мақсатты пайдаланылуы үшiн жауапты болады.
Басқа 1. Қызметтердi сатып алушылардың тiзiлiмi _______________кезеңде
Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң
2007 жылға арналған республикалық бюджеттен
бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
қазақстандық мақта талшығының сапасына
сараптама жасауға пайдалану ережесiне
1-қосымша
Қызметтердi сатып алушылардың тiзiлiмi _______________кезеңде
Р/c N
Қызметтерді сатып алушының атауы
Будалар (сынамалар) саны, дана
1
2
3
Жиыны:
Басшы _______________________
(Т.А.Ә., қолы)
Бас бухгалтер _______________________
(Т.А.Ә., қолы)
М.О.
Күні__________
Басқа 2. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсi
Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесiне 2-қосымша
Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсi
P/c
N
Лицензияланған мақта өңдеу ұйымының атауы, заңды
мекен-жайы
Қызметтерді сатып алушының атауы
Будалар
(сынама-
лар)
саны,
дана
Қызметтердің бір бірлігінің бағасы, теңге
Сомасы,теңге
1
2
3
4
5
6
Жиыны:
Қызметтер көрсетушi _______________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)
Күні___________
Басқа 3. 200___ж.______________кезеңдегi мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде қызметтер көрсетушiге субсидиялар төлеуге арналған N_____ведомость
Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесiне 3-қосымша
"Бекiтемiн"
Ауыл шаруашылығы департаментiнiң басшысы
____________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)
200___ж. "_____"_____________
200___ж.______________кезеңдегi мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде қызметтер көрсетушiге субсидиялар төлеуге арналған N_____ведомость
P/c
N
Қызметтер көрсету-
шiнiң атауы
Нақты көрсетілген қызметтер, дана
Жыл басынан
бастап тиесiлiсубсидиялар сомасы, теңге
Жыл басынан
бастап төленгенi, теңге
Тиесiлi субсидиялар сомасыныңқалдығы, теңге
Төлеуге жатады, теңге
жыл басынан бастап, дана
кезеңде, дана