О перечне лиц, относящихся к целевым группам населения на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес, 2007 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әкімдіктің «2006 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы» 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 645 қаулысы күшін жойды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2005 жылғы 23 желтоқсандағы нөмірі 9-14-24 болып тіркелген, аудандық «Көзқарас-Взгляд» газетінде 2006 жылы 20 қаңтарда № 2 (294) жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 5. 2007 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың тізбесі
Костанай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 689
қаулысына қосымша
2007 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың тізбесі
аз қамтылғандар;
21 жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды мұктаж етеді деп танылған тұлғалары бар азаматтар;
Зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
оралмандар;
білімділік оқу орындарының түлектері;
ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер;
келешегі жоқ жастағылар (елу жастан жоғары);
алған мамандығы бойынша жұмыс отілі және тәжірибесі жоқ жастар;
курстык дайындық бойынша оқуды бітірген жұмыссыздар.