Об организации оплачиваемых общественных работ в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы төлемақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазқастан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабының 5-тармағына, Қазқастан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру шаралары туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережелерінің 8-тармағына сәйкес, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, олардың өткізу шарттарын нақтылау мақсатында Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес нақты көрсеткіштермен анықталған жұмыстардың нақты көлемдерімен және түрлерін 2007 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын Қостанай ауданы әкімиятының «Көмек» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арқылы 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыратын селолық округтер, селолар және кент тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ұсынылған тізбелермен анықталған мекеме басшылары 2007 жылы қоғамдық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырсын, оларды орындауға жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдармен келісімдер жасау үшін нақты түрлері мен көлемдерін анықтасын.
Тармақ 3
3. Қостанай ауданы әкімиятының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Л. Мальцева) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы-кәсіпорындармен көрсетілетін қызмет пен жұмыс төлемі кезіндегі қоғамдық жұмыстың түрі мен көлемін ескерсін.
Тармақ 4
4. Қостанай ауданы әкімдігінің "Төлемақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 653 қаулысының күші жойылсын деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2005 жылғы 23 желтоқсанда нөмірі 9-14-25 болып тіркелген, 2006 жылы 20 қаңтарда № 2 (294) «Қөзқарас-Взгляд» аудандық газетінде жарияланған).
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 7. «Көмек» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны арқылы 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыратын селолық округтер, селолар және кент тізбесі
Қостанай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 690 қаулысына 1-қосымша
«Көмек» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны арқылы 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыратын селолық округтер, селолар және кент тізбесі