Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2007 года на субсидирование повышения продуктивности и качества продукции животноводства Қолданыста
Басқа 0
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға 2007 жылдың республикалық бюджетiнен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту туралы
"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерде мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға 2007 жылдың республикалық бюджетiнен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Басқа 0. Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға 2007 жылдың республикалық бюджетiнен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 20 ақпандағы
N 129 қаулысымен
бекiтiлген
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға 2007 жылдың республикалық бюджетiнен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға 2007 жылдың республикалық бюджетiнен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасының 107 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Министрлiк) көзделген қаражат есебiнен және шегiнде құрама азықтың құнын арзандату арқылы мал шаруашылығы өнiмiн өндiрудi ұлғайту және оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық өндiрушiлердi қолдау мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану (бұдан әрi - субсидиялау) тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Субсидиялар сиыр етiн, шошқа етiн және құс етiн өндiру мен сатуды ынталандыру, жануарлардың өнiмдiлiгiн, өндiрiлетiн мал шаруашылығы өнiмiнiң сапасы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында iрi қара малды, шошқаны және құсты бордақылау кезiнде пайдаланылатын құрама азықтың құнын 45 %-ға дейiн iшiнара арзандатуға арналады.
Сиыр етiн, шошқа етiн, құс етiн өндiруге маманданған отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге (бұдан әрi - арнайы кәсiпорындар) құрама азықты арзандатуға арналған субсидиялар төлеу сатылған сиыр етiнiң, шошқа етiнiң және құс етiнiң (бұдан әрi - өнiм) сойыс салмағындағы iс жүзiндегi көлемi үшiн жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген субсидиялар тиiстi облыстың әкiмi бекiтетiн субсидиялар алуға арналған тiзiмге енгiзiлген арнайы кәсiпорындарға төленедi.
Тармақ 4
4. Өнiмдi сатып алу-сату шартының ұсынылатын нысандарын, субсидиялар алуға арналған өтiнiмдердi, арнайы кәсiпорындарға қойылатын техникалық параметрлердi, сатылған өнiм үшiн субсидиялар төлеу туралы облыс бойынша бiрiктiрiлген жиынтық ведомосты, сондай-ақ қаражатты бөлудiң жылдық сметасын Министрлiк бекiтедi.
Тармақ 5
5. Iрi қара малды, шошқаны және құсты бордақылау үшiн пайдаланылатын құрама азықтың 1 (бiр) килограмының құнын арзандату, өнiмнiң 1 (бiр) килограмын өндiруге жұмсалатын құрама азық шығысының, өз өндiрiсiнiң сатылған өнiмiнiң 1 (бiр) килограмына арналған субсидиялардың нормативi осы Ережедегi қосымшаға сәйкес белгiленедi.
Тармақ 6
6. Министрлiк облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық ауыл шаруашылығы департаменттерi (басқармалары) (бұдан әрi - департамент (басқарма) мәлiмдеген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес аударады.
Тармақ 7. 2. Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруға берілетiн субсидияларды пайдалану тәртiбi
7. Арнайы кәсiпорындар өнiмдi еркiн баға бойынша өз бетiмен сатады.
2. Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруға берілетiн субсидияларды пайдалану тәртiбi
Тармақ 8
8. Облыс әкiмiнiң шешiмiмен облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасарының төрағалығымен құрамында департаменттiң (басқарманың), Министрлiктiң аумақтық инспекциясының, облыстық статистика басқармасының мамандары бар комиссия (бұдан әрi - Облыс комиссиясы) құрылады. Департамент (басқарма) Облыс комиссиясының жұмыс органы болып табылады. Облыс комиссиясының құзыретiне мыналар кiредi:
Тармақша 1
1) үш жұмыс кyнi iшiнде аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi (бұдан әрi - бөлiм) ұсынған сатылатын өнiмнiң жоспарланып отырған көлемiне субсидиялар алуға арналған өтiнiмдердi, сондай-ақ арнайы кәсiпорындардың технологиялық параметрлерге сәйкестiгiн (бұдан әрi - материалдар) қарау;
Тармақша 2
2) материалдарды қарау қорытындылары бойынша арнайы кәсiпорындардың субсидиялар алуға арналған тiзiмiн, субсидиялауға жататын өнiмдi сатуға арналған жылдық квоталарды, сондай-ақ субсидиялар көлемiн облыс әкiмiне бекiтуге ұсыну;
Тармақша 3
3) бөлiм ұсынған осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген субсидиялар алуға арналған құжаттарды бес жұмыс күнi iшiнде қарау және олар дұрыс болған жағдайда облыстың ауыл шаруашылығы департаментiне (басқармасына) субсидия төлеу туралы ұсыныс енгiзедi.
Тармақ 9
9. Арнайы кәсiпорындар осы Ереже ресми жарияланған күнiнен бастап екi апта мерзiмде тиiстi аудандардың бөлiмдерiне субсидиялар алуға арналған материалдарды ұсынады.
Бөлім 10. 10. Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған материалдарды тексерудi жүзеге асырады және олар сәйкес болған жағдайда аудан әкiмiнiң қолымен Облыc комиссиясының қарауына жiбередi.
10. Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған материалдарды тексерудi жүзеге асырады және олар сәйкес болған жағдайда аудан әкiмiнiң қолымен Облыc комиссиясының қарауына жiбередi.
Тармақ 11
11. Облыс әкiмi:
арнайы кәсiпорындардың субсидиялар алу құқығына арналған тiзiмiн;
арнайы кәсiпорындарға берiлетiн квоталар мен сатылатын өнiмнiң жоспарланып отырған көлемiне арналған субсидиялардың көлемiн бекiтедi.
Тармақ 12
12. Тiзiмге енгiзiлген арнайы кәсiпорындар өнiмнiң сатылуына қарай субсидиялар алу үшiн ай сайын 20-күнiнен кешiктiрмей бөлiмге мынадай құжаттарды ұсынады:
өз өндiрiсiнiң сатылған өнiмiнiң көлемi туралы арнайы кәсiпорын басшысының қолы қойылған анықтама;
өнiмдi сатып алу-сату шарты;
сатылған өнiмге арналған төлем құжатының көшiрмесi.
Бөлім 13. 13. Бөлiм әрбiр айдың 25-күнiнен кешiктiрмей осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген жиналған құжаттарды Облыс комиссиясының қарауына ұсынады, ол осы Ереженiң 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес субсидиялар төлеу туралы ұсыныс енгiзедi.
13. Бөлiм әрбiр айдың 25-күнiнен кешiктiрмей осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген жиналған құжаттарды Облыс комиссиясының қарауына ұсынады, ол осы Ереженiң 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес субсидиялар төлеу туралы ұсыныс енгiзедi.
Тармақ 14
14. Тиесiлi субсидияларды тиiстi арнайы кәсiпорындардың ағымдағы шоттарына аударуды департамент (басқарма) белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне 2 данадағы ақы төлеу шоттарының тiзiлiмi мен ақы төлеу шотын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Департамент (басқарма) субсидиялар төлеу үшiн ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшiн жауапты болады.
Тармақ 16
16. Департамент (басқарма) ай сайын есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 2007 жылғы 30 желтоқсаннан кешiктiрмей Министрлiкке бюджеттiк кiшi бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есептi ұсынады.
Тармақ 17
17. Ағымдағы нысаналы трансферттердiң мақсатты, тиiмдi және уақтылы орындалуы үшiн Министрлiк және облыс әкiмдерi жауапты болады.
Басқа 1. 1. Құрама азықтың 1 килограмының құнын арзандату нормативi
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға 2007 жылдың республикалық бюджетiнен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiне қосымша
1. Құрама азықтың 1 килограмының құнын арзандату нормативi
Өнiмнiң атауы
Құрама азықтың 1 килограмын арзандату нормативі, теңге
Құс (тауық) еті
18
Сиыр еті
9
Шошқа етi
12,6
2. Өндiрiлген және сатылған өнiмнiң 1 килограмына жұмсалатын құрама азық шығысының нормативi
Өнiмнiң түрі
1 килограмм етті өндіруге жұмсалатын құрама азық шығысының мөлшері
Құс (тауық) еті
2,61
Сиыр еті
10
Шошқа етi
7
3. Өндiрiлген және сатылған өнiмнiң 1 килограмына арналған субсидиялардың нормативi
Өнiмнiң түрі
Сойыс салмағындағы өз өндiрiсiнiң сатылған етiнiң 1 килограмына субсидияларының нормативi, теңге
Құс (тауық) еті
47
Сиыр еті
90
Шошқа етi
88