Об утверждении Правил оказания государственной поддержки функционирования инфраструктурных сетей водоснабжения, находящихся в республиканской собственности, на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсетудiң 2007 жылға арналған ережесiн бекiту туралы "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсетудiң 2007 жылға арналған ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсетудiң 2007 жылға арналған ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 ақпандағы N 130 қаулысымен бекiтiлген Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсетудiң 2007 жылға арналған ережесi
Тармақ 1
1. Осы Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсетудiң 2007 жылға арналған ережесi (бұдан әрi - Ереже) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрленді және 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 030 "Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсету" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсету тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желiлерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттiк қолдау көрсету жөнiндегi қаражат (бұдан әрi - қаражат) "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - кәсiпорын) Қарағанды, Ақсу және Екiбастұз қалаларының су арналарына тоқтаусыз су берудi қамтамасыз ету мақсатында 22 сорап станциясы үшiн электр энергиясын сатып алу және тасымалдау жөнiндегi шығындардың бiр бөлiгiн жабуға арналады.
Тармақ 3
3. Кәсiпорын қаражатты алу үшiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) электр энергиясын сатып алу және тасымалдау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын мынадай құжаттарды: орындалған жұмыстардың актiлерiн; шот-фактураларды; осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты сатып алынған электр энергиясының және оны тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн ұсынады.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген кәсiпорын ұсынған құжаттарды 7 жұмыс күнi iшiнде тексередi.
Тармақ 5
5. Кәсiпорынға қаражатты төлеу үшiн уәкiлеттi орган 3 жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бекiтiлген төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарына сәйкес кәсiпорынның есеп шотына қаражат аудару үшiн екi данада ақы төлеуге шоттардың тiзiлiмiн және ақы төлеуге шоттарды ұсынады.
Тармақ 6
6. Қаражатты төлеу үшiн ұсынылатын құжаттардың дұрыстығына кәсiпорын мен уәкiлеттi орган жауапты болады.
Тармақ 7
7. Уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептiден кейiнгi айдың 15-күнiне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 2007 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу барысы, сатып алынған электр энергиясының және оны тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң көлемi, құны туралы есептi ұсынады.
Тармақ 8
8. Қаражаттың мақсатты, тиiмдi және уақтылы пайдаланылуын бақылау мен оған жауапкершiлiк уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктеледi.
Басқа 1. "Қаныш Сәтпаев атындағы каналы" РМК 22 сорап станциясы үшiн нақты сатып алынған электр энергиясы мен оны тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердің жиынтық тiзiлiмi
Республикалық меншiктегi сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желілерiнiң жұмыс iстеуiне мемлекеттік қолдау көрсетудiң 2007 жылға арналған ережесiне қосымша "Бекiтемiн" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң төрағасы 2007 ж. "____"______________ "Қаныш Сәтпаев атындағы каналы" РМК 22 сорап станциясы үшiн нақты сатып алынған электр энергиясы мен оны тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердің жиынтық тiзiлiмi Р/с N Электр энер­гиясын бе­ру­шiлер­дiң және/ неме­се та­сы­малда­у­шы­лардың ата­уы электр энер­ги­я­сы бе­ріл­ді және/неме­се та­сы­мал­дан­ды, кВт.сағ. 1 кВт сағ. үшін бе­кі­ті­л­ген та­риф, тең­ге Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің құ­ны, мың тең­ге жыл ба­сы­нан бе­рі оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де жыл ба­сы­нан бе­рі оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де 1 2 3 4 5 6 7 кестенің жалғасы Мем­ле­кет­тiк қол­да­удың көр­сетiл­ген мөл­шерi, мың тең­ге Mем. қол­да­удың жыл ба­сы­нан берi қар­жы қа­ра­жа­ты тө­лен­дi, мың тең­ге Тө­ле­ну­ге тиiс, мың тең­ге жыл ба­сы­нан бе­рі оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де 8 9 10 11 "Қ.Сәтпаев атындағы канал" РМК Бас директоры          ______________________(Т. А. Ә.)                              (қолы) Бас бухгалтер          ______________________(T. А. Ә.)                              (қолы)