Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2007 года областными бюджетами на поддержку развития семеноводства Қолданыста
Басқа 0
Облыстық бюджеттердiң 2007 жылдың республикалық бюджетiнен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының " 2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2006 жылғы 8 желтоқсандағы және " Тұқым шаруашылығы туралы " 2003 жылғы 8 ақпандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Облыстық бюджеттердiң 2007 жылдың республикалық бюджетiнен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi;
Тармақша 2
2) көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының түрлерiне және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салуға 2007 жылға арналған субсидиялар нормативтерi;
Тармақша 3
3) сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының 1 тоннасына 2007 жылға арналған субсидиялар нормативтерi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Облыстық бюджеттердiң 2007 жылдың республикалық бюджетiнен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 22 ақпандағы
N 137 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттердiң 2007 жылдың республикалық бюджетiнен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердiң 2007 жылдың республикалық бюджетiнен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының 100 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге трансферттер түрiнде көзделген қаражат есебiнен және шегiнде бiрегей тұқым өндiрушiлердiң (бұдан әрi - оригинаторлар) және элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрi - элиттұқымшарлар) өсiмдiк шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығын дамытуға арналған қаражатты (бұдан әрi - субсидиялар) пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Ауылшарминi облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Субсидиялар:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге;
Тармақша 2
2) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салуға және салынған жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығының және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге кететiн шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 3
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған элиталық тұқымның құнын iшiнара арзандатуға арналады.
Тармақ 4
4. Осы Ереженiң 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған оригинаторларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген және (немесе) перспективалық деп танылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының бiрегей тұқымының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң нақты өндiрiлген көлемi үшiн төленедi.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiру шығындарын iшiнара өтеудi субсидиялау Ауылшарминi элиталық тұқымдар мен жемiс дақылдарының көшеттерiн алу үшiн оларды өндiрудiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес тұқымның және көбейту жылдары бойынша жемiс дақылдары көшеттерiнiң әрбiр түрiне әрбiр оригинатор үшiн белгiлеген квоталар шегiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Осы Ереженiң 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған оригинаторларға жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салу және салынған жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығының және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi нақты орындалған iс-шаралар үшiн төленедi.
Тармақ 7
7. Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салу және салынған жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығының және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi iс-шараларды субсидиялау Ауылшарминi бекiткен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары шегiнде жүзеге асырылады.
Әрбiр оригинатор үшiн жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салу және салынған жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығының және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету алаңын Ауылшарминi көп жылдық екпелер алаңына келетiн телiтушiлерге деген қажеттiлiгiнiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес бекітілмейдi.
Тармақ 8
8. Осы Ереженiң 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар заңнамада белгіленген тәртiппен аттестатталған элиттұқымшарларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Ауылшарминi тұқымның әрбiр түрi бойынша әрбiр облыс үшiн белгiлеген квоталар шегiнде нақты сатылған көлемi үшiн төленедi.
Белгiленген квоталар көлемдерiн орындау барысын және бюджет қаражатын игерудiң уақтылығын бақылау үшiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi - облыстың жергiлiктi атқарушы органы) Ауылшарминiне тиiстi жылғы 5 шiлдеден кешiктiрмей бiрiншi жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы ақпарат бередi.
Аттестатталған тұқым өндiрушiлер ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiру және элиталық тұқымдарын сату квоталарының белгiленген көлемдерiн орындамаған жағдайда облыс iшiнде квоталарды қайта бөлудi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi үшiн субсидиялауға жататын бiрегей тұқымдарды өндiрудiң және элиталық тұқымдарды сатудың жыл сайынғы квоталарын белгiлеу ережесiне сәйкес Ауылшарминi жүзеге асырады.
Аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiру және элиталық тұқымдарын сату квоталарының белгiленген көлемдерiн орындамауы субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкеп соққан жағдайда Ауылшарминi Қазақстан Республикасының Үкiметiне заңнамада белгiленген тәртiппен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.
Әрбiр элиттұқымшар үшiн элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша квотаны облыстың жергiлiктi атқарушы органының бұйрығымен құрылатын тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия белгiлейдi және ол облыстың жергiлiктi атқарушы органының бұйрығымен бекiтiледi.
Квоталарды бөлу дақылдың басымдылығын ескере отырып, олардың ғылыми негiзделген қажеттiлiк нормаларына сәйкес егiстiк алаңына жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Элиттұқымшарлар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Ауылшарминi белгiлеген шектi бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын, жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салуға және салынған аласа дiңдi телiтушiлер аналығының және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының анықталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жiберiлген шығындарды толығымен өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
2. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын, жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салуға және салынған аласа дiңдi телiтушiлер аналығының және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының анықталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жiберiлген шығындарды толығымен өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
Тармақ 10
10. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге субсидиялар алу үшiн:
Тармақша 1
1) оригинаторлар тиiстi жылдың 10 қарашасына дейiнгi мерзiмде облыстың жергiлiктi атқарушы органына мынадай құжаттарды:
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң оригинатор нақты өндiрген көлемдерi жөнiндегi тiзiмдi;
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн кiрiске алу актiлерiн;
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi бiрегей тұқымдарының егiстiгiн сынақтан өткiзу актiлерiн;
егiстiктердi сынақтан өткiзу туралы екi данадағы есептi;
заңнамада белгіленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың тексерiлген тұқымның (көшеттердi қоспағанда) саны мен сапасының мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы анықтаманы ұсынады;
Тармақша 2
2) облыстың жергiлiктi атқарушы органы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексередi, оригинатор нақты өндiрген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi тiзiлiмдi бекiтедi, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң нақты өндiрiлген бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiнде жиынтық тiзiлiм жасайды және тиiстi жылдың 1 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде белгiленген субсидиялар нормативтерiнiң негiзiнде оригинаторларға төленуi тиiс қаражаттың көлемiн айқындайды.
Тармақ 11
11. Оригинатор нақты өндiрген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi тiзiлiмнiң, облыс бойынша нақты өндiрiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, республика бойынша нақты өндiрiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн кiрiске алу актiсiнiң, тексерiлген тұқымдардың саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана анықтамасының нысандарын Ауылшарминi белгiлейдi.
Тармақ 12
12. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы оригинаторлар ұсынған растаушы құжаттар негiзiнде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар төлеуге арналған ведомостi жасайды.
Тармақ 13
13. Төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиесiлi сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн және ақы төлеу шоттарын бередi.
Тармақ 14
14. Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салуға және салынған аласа дiңдi телiтушiлердiң аналығының және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жiберiлген шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) оригинаторлар облыстың жергiлiктi атқарушы органына отырғызу материалын, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, суармалы суды жеткiзуге қызметтердi сатып алуға арналған шарттардың, сондай-ақ жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салу және жемiс-жидек дақылдарының салынған аласа дiңдi телiтушiлерi аналығының және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттардың бiр данасын ұсынады;
Тармақша 2
2) облыстың жергiлiктi атқарушы органы он жұмыс күнi iшiнде жасалған шарттардың және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салу және жемiс-жидек дақылдарының салынған аласа дiңдi телiтушiлерi аналығының және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттардың шынайылығын тексередi және төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиесiлi сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн және ақы төлеу шоттарын бередi.
Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салу және жемiс-жидек дақылдарының салынған аласа дiңдi телiтушiлерi аналығының және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiнде келтiрiлген шығындар нәтижелерi бойынша оригинатор келесi ай iшiнде облыстың жергiлiктi атқарушы органына келтiрiлген шығындар бойынша төлем фактiсiн растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кiрiске алу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
Тарау 3. 3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған элиталық тұқымның құнын iшiнара арзандатуға арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған элиталық тұқымның құнын iшiнара арзандатуға арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
Тармақ 15
15. Арзандатылған құн бойынша сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымына субсидиялар алу үшiн:
Тармақша 1
1) элиттұқымшарлар ай сайын айдың 1-күнiне ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органына (бұдан әрi - ауданның жергiлiктi атқарушы органы) сатылған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат бередi;
Тармақша 2
2) элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды сату фактiсiн растау үшiн мынадай мерзiмде: жаздық дақылдар бойынша - тиiстi жылдың 20 маусымына дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша - тиiстi жылдың 10 қарашасына дейiн ауданның жергiлiктi атқарушы органына:
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
элиталық тұқымдарды өндiруге арналған бастапқы материалдың шығу тегiн растайтын құжаттарды (көбейту питомниктерi, суперэлита және элита егiстерiн сынақтан өткiзу актiлерi мен сынақтан өткiзу туралы есептi, ал көбейту питомниктерiнiң тұқымы мен суперэлитаны сатып алған жағдайда - тұқымға арналған аттестаттың көшiрмесiн);
тексерiлген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың анықтамасын;
сатылған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн;
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады.
Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: бiрiншiсi - элиттұқымшар үшiн, екiншiсi - сатып алушы үшiн, үшiншiсi - ауданның жергілікті атқарушы органы үшiн, төртiншiсi - облыстың жергiлiктi атқарушы органы үшiн;
Тармақша 3
3) ауданның жергiлiктi атқарушы органы ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерiн түпнұсқаларымен салыстырады және өзiнiң мөрiмен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерi, элиталық тұқымның нақты сатылған көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң бiр данасы және сатып алу-сату шартының бiр данасы ауданның жергiлiктi атқарушы органында сақтауға тапсырылады;
Тармақша 4
4) ауданның жергiлiктi атқарушы органы мынадай мерзiмде: жаздық дақылдар бойынша - тиiстi жылдың 1 шiлдесiне дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша - тиiстi жылдың 20 қарашасына дейiн облыстың жергiлiктi атқарушы органына мынадай құжаттарды:
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқым көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
элиталық тұқымды мақсатты пайдалану туралы актiнi;
тексерiлген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың анықтамасын бередi;
Тармақша 5
5) облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
он бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемi жөнiндегi жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi;
облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемi жөнiнде бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша, онда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi элиталық тұқымының көлемi мен белгiленген субсидиялар нормативтерi негiзiнде тиесiлi бюджет қаражатының көлемiн анықтайды;
әрбiр элиттұқымшарға белгiленген квоталар шегiнде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостi жасайды;
Тармақша 6
6) ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, элиталық тұқымдарды мақсатты пайдалану актiсiнiң, элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық актiнiң нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.
Тармақ 16
16. Оригинаторлар және элиталық тұқым шаруашылықтары облыстың жергiлiктi атқарушы органына Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша есептi кезеңде алынған субсидияларды мақсатты пайдалану туралы есеп бередi.
Тармақ 17
17. Ай сайын 25-күнге қарай, бiрақ тиiстi жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрмей облыстың жергілiктi атқарушы органы Ауылшарминiне тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар төлеу үшiн жиынтық ведомостердiң көшiрмелерiн, көрсетiлген бюджеттiк кiшi бағдарламаны iске асыру туралы есептi ұсынады.
Тармақ 18
18. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес субсидиялар төлеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн және ақы төлеу шоттарын бередi.
Тарау 4. 4. Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға бөлiнген қаражатты пайдалануды мемлекеттiк бақылау
4. Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға бөлiнген қаражатты пайдалануды мемлекеттiк бақылау
Тармақ 19
19. Ауылшарминiнiң тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы субсидиялар төлеу үшiн тапсырылған құжаттардың шынайылығы үшiн жауаптылықта болады.
Тармақ 21
21. Ауылшарминi және облыстың жергiлiктi атқарушы органы бюджет қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Басқа 1. 200____ жылғы "___"__________-"_____" кезеңiнде өндiрiлген бiрегей тұқымдар үшiн субсидиялар төлеуге арналған ВЕДОМОСТЬ
Облыстық бюджеттердiң 2007 жылдың
республикалық бюджетiнен тұқым
шаруашылығын дамытуды қолдауға
арналған ағымдағы нысаналы
трансферттердi пайдалану ережесiне
1-қосымша
Бекiтемiн
______________________________облысы
ауыл шаруашылығы департаментiнiң
(басқармасының) бастығы
___________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)
200__ жылғы "__"________
200____ жылғы "___"__________-"_____" кезеңiнде өндiрiлген бiрегей тұқымдар үшiн субсидиялар төлеуге арналған ВЕДОМОСТЬ
Ауданның
атауы
Бірегей
тұқым
өндірушінің атауы
Дақыл
Өсімпаздық
Бірегей тұқым өндірудің
жылдық квотасы
тонна
сомасы,
(теңге)
1
2
3
4
5
6
Жиыны:
кестенің жалғасы
Өндірілген
бірегей тұқымдарды субсидиялауға нақты
берілген
құжаттар
Өндірілген
бірегей тұқымдардың
1 тоннасына
арналған
субсидиялар
нормативі,
теңге
Жыл басынан тиесілі
субсидия
сомасы,
теңге
Жыл
басынан
төленгені,
теңге
Тиесілі
субсидия сомасының
қалдығы,
теңге
200_ж.
"__"
_________
квота шегінде
төлеуге
жататыны,
теңге
жыл
басынан
200_ж.
"__"___"_____"
кезеңінде
7
8
9
10
11
12
13
__________________________облысының
ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы)
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 2. 200__жылғы "____"________- "___" кезеңiнде тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомосi
Облыстық бюджеттердiң 2007 жылдың
республикалық бюджетiнен тұқым
шаруашылығын дамытуды қолдауға
арналған ағымдағы нысаналы
трансферттердi пайдалану ережесiне
2-қосымша
Бекiтемiн
____________________________облысы
ауыл шаруашылығы департаментiнiң
(басқармасының) бастығы
___________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)
200__жылғы "__"____________________
200__жылғы "____"________- "___" кезеңiнде тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомосi
Ауданның
атауы
Элиттұқымшар
атауы
Дақыл
Сатылған
күні
Элиталық тұқымды
сатудың жылдық
квотасы
тонна
сомасы,
(теңге)
1
2
3
4
5
6
Жиыны:
кестенің жалғасы
Квота шегінде элиталық
тұқымдарды
субсидиялауға
нақты берілген
құжаттар,
тонна
Сатылған
элиталық
тұқымдардың
1 тонна-
сына
арналған
субсидиялар
нормативі,
теңге
Жыл
басынан
тиесілі
субсидия
сомасы,
теңге
Жыл
басынан
төлен-
гені,
теңге
Тиесілі
субсидия
сомасының
қалдығы,
теңге
200_ж.
"__"
_________
квота
шегінде
төлеуге
жататыны,
теңге
жыл
басынан
200_ж.
"__"___"_____"
кезеңінде
7
8
9
10
11
12
13
__________________________облысының
ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы)
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 3. Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының түрлерiне және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салуға 2007 жылға арналған субсидиялар нормативтерi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 22 ақпандағы
N 137 қаулысымен
бекiтiлген
Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының түрлерiне және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын салуға 2007 жылға арналған субсидиялар нормативтерi
Р/с
N
Өнімнің түрі, іс-шаралар
Бірегей тұқымның 1 тоннасын
(данасын) өндіруге, аналықтар
салуға жіберілген шығындарды өтеу пайызы, (дейін)
Бір тоннаға
(данаға, гектарға) арналған субсидиялар нормативі,
теңге
1
2
3
4
Көбейту питомниктері мен аналық нысандары
1
Жүгері мен күріштен басқа,
дәнді және дәнді бұршақты
дақылдар
40
37696
2
Жүгері
40
227328
3
Күріш
40
52096
4
Қытайбұршақ
40
110592
5
Күнбағыс
40
281600
6
Басқа майлы дақылдар
40
110592
7
Картоп
40
84864
8
Көп жылдық шөптер:
бұршақты
дәнді
40
40
390528
149888
9
Бір жылдық шөптер
40
38912
10
Қант қызылшасы
40
1442959
11
Мақта
40
144896
12
Көшеттер
40
80
13
Жеміс дақылдарының
(Сиверс алмасының және
кәдімгі өріктің сортклон-
дары) көп жылдық екпелері
аналықтарын салу
100
819672,1
14
Жеміс-жидек дақылдары
мен жүзімнің көп жылдық
екпелері аналықтарын салу
100
904182,4
15
Жеміс-жидек дақылдарының
салынған аласа діңді
телітушілері аналығының
және жеміс-жидек дақылдары
мен жүзімнің көп жылдық
екпелері аналықтарының
аяқталмаған өндірісіне
қызмет көрсету
100
769158,2
Суперэлита
1
Жүгері мен күріштен басқа,
дәнді және дәнді бұршақты
дақылдар
40
8246
2
Жүгері
40
49728
3
Күріш
40
12500
4
Күнбағыс
40
61600
5
Қытайбұршақ
40
24192
6
Басқа майлы дақылдар
40
24192
7
Картоп
40
18564
8
Көп жылдық шөптер:
бұршақты
дәнді
40
40
85428
32788
9
Бір жылдық шөптер
40
8512
10
Қант қызылшасы
40
314664
11
Көкөніс
40
600000
Басқа 4. Сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының 1 тоннасына 2007 жылға арналған субсидиялар нормативтерi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2007 жылғы 22 ақпандағы
N 137 қаулысымен
бекiтiлген
Сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының 1 тоннасына 2007 жылға арналған субсидиялар нормативтерi
Р/с
N
Өнімнің түрі
Элиталық
тұқымның 1 тоннасының құнын
арзандату пайызы,(дейін)
Сатылған
элиталық тұқымның 1 тоннасына субсидиялар нормативі, теңге
(дейін)
1
2
3
4
1
Жұмсақ бидай
40
13200
2
Қатты бидай
40
14200
3
Қара бидай
40
13200
4
Арпа
40
12500
5
Сыра дайындауға арналған
арпа
40
13500
6
Сұлы
40
12500
7
Тары
40
13000
8
Қарақұмық
40
15800
9
Жүгері:
кеш пісетін, орташа-кеш
және орташа пісетін
бірінші ұрпағының
будандары;
ерте пісетін бірінші
ұрпағының будандары
40
40
74000
30000
10
Күріш
40
19851
11
Асбұршақ
40
15000
12
Ноқат
40
16000
13
Қытайбұршақ
40
18000
14
Басқа дәнді бұршақты
дақылдар
40
12000
15
Күнбағыс:
элиталық тұқымдар;
бірінші ұрпағының будандары
40
40
120000
100000
16
Рапс
40
74480
17
Басқа майлы дақылдар
40
39360
18
Картоп
40
30200
19
Көкөніс
40
400000
20
Көп жылдық шөптер:
бұршақты
дәнді
40
40
139000
53320
21
Біржылдық шөптер
40
13880
22
Қант қызылшасы
40
767880
23
Мақта, бірінші өсімпаздықты
қоса алғанда
40
32185