Об организации социальных рабочих мест в Буландынском районе в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылда Бұланды ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы»Қазақстан Республикасы Заңы 18-1-бабының, және Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 25 ақпанда №1570 тіркелген, «Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру ережелерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № а-2/49 қаулысының негіздерінде халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпорындарда 2007 жылда құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды орналастыру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қосымша берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы жұмыс беруші шығынының бір бөлігін өтеу негізінде аудандық бюджет есебінен төленсін.
Тармақ 4
4. Қаржы бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды 2007 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық орта мерзімді даму жоспарының көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Бұланды ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 1 наурызда №1- 7-23 тіркелген, аудандық «Бұланды жаршысы» газетінің 2006 жылғы 10 наурыздағы №10 санында жарияланған «2006 жылда Бұланды ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 ақпандағы №а-2/21 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2007 жылғы 3 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Тармақ 8
8. Қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми жариялануға тиіс. Ескертусіз келісілді «Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі К.Н.Есмағамбетова 01.02.07 ж. Ескертусіз келісілді «Бұланды аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Г.П.Вахрушева 01.02.07 ж. Ескертусіз келісілді «Бұланды тас карьері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Т.Е.Шоланов 01.02.07 ж. Ескертусіз келісілді «Макинск металл құю-механикалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ә.С.Қанатбаев 01.02.07 ж. Ескертусіз келісілді «Макинск элеваторы» жауапкершілігі серіктестігінің директоры И.Д.Черкасов 01.02.07 ж. Ескертусіз келісілді «Синергия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - Макинск құрұлыс материалдары зауытының директоры С.Қ.Ошақбаев 01.02.07 ж.
Басқа 9
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № а-2/20 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындардың тізбесі Р/с Кәсіпорындар атауы Адам саны 1. «Бұланды тас карьері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 5 2. «Синергия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - Макинск кұрылыс материалдары зауыты 10 3. «Макинск металл құю-механикалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15 4. «Макинск элеваторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 30