Об организации оплачиваемых общественных работ в Ерейментауском районе в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
Ерейментау ауданында 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы
2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 7 және 8 тармақшасына, 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының іске асыру шарасына», сәйкес жұмыс іздеуде қиындақтарға тап болатын жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында және олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы Ерейментау қаласы, Ерейментау ауданның ауыл және ауылдық округтердің кәсіпорындары мен мекемелерінде жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын;
Тармақ 2
2. Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ауданның кәсіпорындары мен мекемелерінің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі және қойылатын нақты шарттары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
Тармақша 1
1) жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа бағыттау, олардың тіркелген күнінен кезектілік тәртіппен іске асырсын.
Тармақша 2
2) бірінші кезекте нысаналы топқа кіретін жұмыссыздарды бағыттасын.
Тармақша 3
3) жұмыс берушілермен келісім жасасын.
Тармақ 4
4. Аудандық экономика және қаржы бөлімі аудандық бюджетте 2007 жылға осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегінде ақылы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекакысы ауданның бюджет қаржысынан нақты атқарылған жұмыстары үшін, 2006 жылғы 8 желтоқсан № 194-ІІІ Қазақстан Республикасының «2007 жылғы Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленген айлық еңбекақының ең аз мөлшерінен кем емес мөлшерде төленсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің 2006 жылдың 13 қаңтар «Ерейментау ауданында 2006 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № а-1/4 қаулысы ауданның әділет Басқармасында 2006 жылдың 1 ақпан күні тіркелген нөмірі № 1-9-44 және аудандық «Ерейментау» газетінде 2006 жылдың 8 ақпан № 14 жарияланған, өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Қаулы Ерейментау аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді, және аудандық газетте міндетті түрде ресми жариялануы тиіс.
Тармақ 8
8. Нақты қаулының іс-әрекеті 2007 жылдың 1 қаңтардан бастап таралады.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н. Дүйсембаеваға жүктелсін.
Басқа 13. 2007 жылда келісім шарт негізінде өткізілетін қоғамдық жұмыстардың түрі мен өлшемі және оларды өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі
Қосымша Ерейментау ауданы
әкімдігінің 2007 жылдың
23 қаңтар № а-1/17
қаулысымен бекітілген
2007 жылда келісім шарт негізінде өткізілетін қоғамдық жұмыстардың түрі мен өлшемі және оларды өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі
№
Кәсіпорындар мен ұйымдардың атауы
Жұмыстың түрі
Жұмыс орындар саны
1
Ерейментау қалалық әкімнің аппараты
Қар мен қоқыс жинастыру. Қала бойынша әлеуметтік карталарды құрастыру. Суағарды тазарту. Ағашпен бұталарды отырғызу
47
2
Звенигородка ауылдық округінің әкімі аппараты
Мемлекеттік мекемелердің аймағын қар мен мұздан тазарту. Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Әкім аппаратының қазандықтарын жөндеу.
Жалғызбастылардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің пәтерлерін жөндеу. Аққала құрастыру
18
3
Қойтас ауылдық округінің әкімі аппараты
Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту) Халықты санақтау және әлеуметтік карталарды құрастыру. Әлеуметтік - мәдени нысандарды қайта құру және жөндеуге көмектесу. Мемлекеттік мекемелердің аймағын карталармен жұмыс кезінде учаскелік комиссияға көмек көрсету
8
7
Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімі аппараты
Әлеуметтік карталармен жұмыс. Мемлекеттік мекемелердің аймағын қар мен мұздан тазарту. Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Аққала құрастыру
8
8
Торғай ауылдық округінің әкімі аппараты
Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Иесіз қалған құрылыстарды бөлшектеу. Әлеуметтік карталармен жұмыс кезінде учаскелік комиссияға көмек көрсету. Әлеуметтік - мәдени нысандарды қайта құру және жөндеуге көмектесу. Жалғызбастылардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің пәтерлерін жөндеу
11
9
Новомарковка ауылдық округінің әкімі аппараты
Әлеуметтік - мәдени нысандарды қайта құру және жөндеуге көмектесу. Мүлікті жәрия ету жөніндегі құкаттарды ресімдеуге көмектесу. Әлеуметтік карталармен жұмыс кезінде учаскелік комиссияға көмек көрсету. Аулаларды аралау және халықты санақтау
5
10
Өлеңті ауылдық округінің әкімі аппараты
Аймакты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Әлеуметтік - мәдени нысандарды қайта құру және жөндеуге көмектесу. Әлеуметтік карталармен жұмыс кезінде учаскелік комиссияға көмектесу
10
11
Бестоғай ауылдық округінің әкімі аппараты
Мемлекеттік мекемелердің аймағын қар мен мұздан тазарту. Аймақты экологиялык сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Әлеуметтік - мәдени нысандарды қайта кұру және жөндеуге көмектесу. Аққала құрылысын жасау. Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталармен жұмыс кезінде учаскелік комиссияға көмек көрсету
12
12
Сілеті ауыл әкімі аппараты
Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Әлеуметтік карталармен жұмыс кезінде учаскелік комисссияға көмектесу
3
13
Изобильный ауыл әкімі аппараты
Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталармен жұмыс кезінде учаскелік комиссияға көмектесу. Аймақты экологиялык сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Мемлекеттік мекемелердің аймағын қар мен мұздан тазарту. Әкім аппаратының қазандықтарын жөндеу
5
14
Бозтал ауыл әкімі аппараты
Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталармен жұмыс кезінде учаскелік комиссияға көмектесу. Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Күздегі ағаш отырғызу.
Аққала құрылысын жасау
6
15
Ақмырза ауылдық округінің әкімі аппараты
Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталармен жұмыс кезінде учаскелік комиссияға көмек көрсету
4
16
Ерейментау ауданының әділет басқармасы
Архивтік құжаттарды қалыпқа келтіру
3
17
Ерейментау ауданының зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы
Зейнетақы артық - ауысына жәрдем беру. Зейнетақы істерінің сырт бейнесін тәртіпке келтіру
3
18
Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві
Архивтік құжаттарды қалпына келтіру
3
19
Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жұмысын жүргізу құқығындағы «Жылусервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Қаланы көркейтуге арналған қоғамдық жұмыстарды өткізу. (бірлесіп қаржыландыру)
6
20
Ерейментау ауданының орманды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік басқармасы
Қауіпті өрт кезеңінде көмек көрсету (сәуір-маусым, шілде -қыркүйек) (бірлесіп қаржыландыру)
3
21
Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі
Аудармашының көмекшісі.
Техникалық тексеріс жүргізу кезеңінде құжаттарды ресімдеуге көмектесу
2
22
Ерейментау ауданының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы
Жылжымайтын мүліктің құжаттарын тіркеу кезіндегі көмек
3
23
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлім
Әскерге шақырылғандардың жеке істерін ресімдеу және шақыру қағазын тарату
5
24
Ерейментау ауданының жер қатынастары бөлімі
Мүлікті жария ету субъектілірдің ескертпесі, тапсырыс-бланкілерді толтыру, керек құжаттарды жинау
2
25
Ерейментау басқармасы бойынша Қазақстан халық банкінің акционерлік қоғамы
Несиелеу құжаттарды ресімдеуге көмектесу (бірлесіп қаржыландыру)
2
26
Ерейментау ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік мекемесі
«Әлеуметтік карталарды мониторинг» негіздеріне енгізуге көмектесу
3
27
Ерейментау аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі
Мүлікті жария ету жөніндегі құжаттарды ресімдеуге көмектесу
2
28
Ерейментау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі
Мүлікті жария ету жөніндегі құжаттарды ресімдеуге көмектесу
2
Аудан бойынша
Барлығы
210