2007 жылы Текелі қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Текелі қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5 тармақшасына және 20 бабы 5 тармағына сәйкес Текелі каласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2007 жылға қаланың ұйымдары мен кәсіпорындарында ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру (қосымша).
Тармақ 2
2. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Вершинина О.С.) жұмыссыздықтың деңгейін төмендету мақсатында қалада қолданылып отырған шаралар туралы халықты хабардар етсін.
Тармақ 3
3. Текелі қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 112 «Текелі қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы», Текелі Әділет басқармасында 2006 жылдың 29 мамырда 2-3-18 нөмірімен нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2006 жылы 09 маусымында «Текелийский рабочий» газетінің № 23 санында жарияланған қаулының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды әкімінің орынбасары Г. Б. Маупашеваға, тұрғын үй сұрақтарымен айналысатын әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Текелі қаласы әкімдігінің 2007 жылғы «24» қаңтардағы № 6 «2007 жылына Текелі қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы» қаулысына қосымша Текелі қаласы мен Рудничный кентінің жұмыссыз азаматтар үшін 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстар түрлері № Ұйымдар қоғамдық жұмыстар түрлері Қатысқандар дың саны, (адам) Жұмыс ұзақтығы, (айы) Көлемі 1 «Текелі-Көркейту» мемлекеттік коммуналды кәсіпорны Өңірді экологиялық сауықтыру (қаланы көгалдандыру және көркейту, қала аумағын жинау. парктік шаруашылықты сақтап және дамыту, қала бассейнін көркейту) 91 3 Парктік шаруашылық - 6500 шаршы метр, көгалдандыру 29500 ш.м., жол жиегін ақтау - 1100 шаршы метр, қала көшесін тазалау - 62000 шаршы метр Даңқ ескерткішін, су атқыштарды, алаңдарды, көпірлерді, аялдамаларды күту 27 3 2000 шаршы метр Жерленген адамдардьщ зираттарын қалыпты күйге келтіру, ықшам аудандарды жинау 23 3 2500 шаршы метр 2 «Текелі қаласының жалпы тұрдегі қарттар мен мүгедектер интернат үйі» мемлекеттік мекемесі Қарттар үйі мен «Металлург» стадионын, саябақты көгалдандыру, көркейту және аумағын тазалау 12 3 Аумақ тазалау - 3000 шаршы метр; стадионның аумағын тазалау - 1500 шаршы метр Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және ауыл шаруашылық жүмыстарын жүргізуде маусымдық көмек көрсету, дәрілік шөптерді жинау 7 3 Көкөніс өнімдерін жиу - 900 келі, көкөністерді кептіру - 350 келі, шөптерді кептіру - 50 келі Спорттық және мәдени шаралардың ауқымды ұйымдастырылуына жағдай жасау, әр түрлі мерекелердің өткізілуіне көмек көрсету, стадионда спорт жарыстарын өткізу 7 3 Спорттық және мәдени шаралардың ауқымды ұйымдастырылуына жағдай жасау - 5 адам көзі көрмейтін азаматтарға жәрдемдесу үшін, стадион жинау - 1500 шаршы метр, ағаштарды кесу - 500 шаршы метр 3 Рудничный кентінің әкімі Кентті экологиялық сауықтыру (кентті көгалдандыру және көркейту, қираған объектілерді қалпына келтіру (клуб, № 22 бала бақша, түрғын секторлар ғимараттарының қасбетін жаңарту) 41 3 Көгалдандыру - 5000 шаршы метр, ғимараттарының қасбетін жаңарту - 2300 шаршы метр, қираған объектілерді қалпына келтіру - 10000 шаршы метр Жолдарын жөндеу (шұңқырларды) 10 3 8 километр Су құбырларын тазалау (тазарту станциясы, сутартқы, арықтық жүйе) 15 3 Арықтық жүйе - 20 километр, сутартқы - 10000 шаршы метр Ауыл шаруашылық кітәбін толтыру 2 3 352 үйдің шаруашылық кітәбін толтыру 4 Ескелді ауданының қорғаныс ісі бойынша бөлімі Әскерге шақыру компаниясын өткізуге қатысу (әскери міндеттілердің хабарлануын ұйымдастыру), және шақыру участкесіне азаматтарды тіркеу 7 3 5630 әскери міндетті азаматқа хабарландыру жеткізу, 800 әскерге шақырылушыларға 5 Текелі қаласының әділет басқармасы Қала тұрғындарды құжаттандыру мен тіркеу техникалық 1 3 1800 қүжатты өңдеу, мұрағаттарда жүмыс істеу - жұмыстарына көмек көрсету 2500 қүжат 6 «Текелі қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Аурухана және емхана аумағын көгалдандыру және көріктендіру, саябақ пен гүлбақшаны күту 4 3 Аурухана аумағын көгалдандыру және көріктендіру - 120 шаршы метр, емхана аумағын көгалдандыру және көріктендіру - 140 шаршы метр Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету 6 3 40 адам 7 «Текелі қаласының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі Кітап қорын жаңғырту (баспа туындыларын техникалық өңдеу, кітап қорын орналастыру). 5 3 1500 дана кітапті жаңарту 8 Алматы облысының мемлекеттік мұрағаттың Текелі филиалы Мүрағаттық қүжаттарды қалпына келтіру 8 3 500 қүжаттарды қалпына келтіру 9 «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік Аула клубтарының жұмысына көмектесу (үйірме жұмыстары, мәдениет және спорт шараларын ұйымдастыру) 2 3 120 мектепке дейінгі және мектептегі балалармен жұмыс жүргізу Жергілікті бюджет қаржысынан бөлінген сомасы 7536000 (жеті миллион бес жүз отыз алты мың) теңге, ай сайын Қазақстан Республикасының жалақының ең төменгі мөлшері төленеді - 9752 (тоғыз мың жеті жүз елу екі) теңге, жұмыстардың нақты жағдайлар әр бір жұмыссыз азаматпен жеке еңбек шартында қарастырылады.