Об утверждении перечня целевых групп населения в Карасуском районе на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасу ауданында 2007 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халыкты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамтуды жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына жататын қоса беріліп отырған тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Л.Б.Ужахова) халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуды жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Қарасу ауданында 2006 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 57 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-01, «Қарасу өңірі» аудандық газетінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 8) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Жұмыспен қамтуды жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі
Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілді Жұмыспен қамтуды жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар (кедейшілік шегінің орта жанды табысынан төмен);
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл калған);
Тармақ 7
7. Мүгедектер;
Тармақ 8
8. Казақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жастар санынан орта кәсіби және жоғары білім оку орындарының түлектері.
Тармақ 12
12. Мектеп жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп жатқан еңбекке кабілеттігі бар әйелдер.
Тармақ 13
13. АҚТҚ - жұкпалары.