О проведении приписки граждан мужского пола Республики Казахстан, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку Управления по делам обороны города Костанай в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық тіркеу комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2007 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын айқындау және дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау және әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында тұрғылықты жері бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және өткізілсін.
Тармақ 3
3. Тіркеу жылы он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын, оларға жұмыс орны мен атқаратын қызметін сақтай отырып, әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке қоюмен байланысты міндеттерін орындауға қажетті мерзімге жұмыстан (оқудан) босатылсын.
Тармақ 4
4. "Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің директорына (Э.М. Ғалымжановтың) (келісімімен)»ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскер жасына дейінгі азаматтарды медициналық куәландыру үшін тәжірибелі дәрігер-мамандар, сондай-ақ орта медициналық жұмыскерлер жіберсін;
Тармақша 2
2) әскер жасына дейінгі азаматтар үшін алдын-ала тексеру қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) қалалық медициналық комиссиясының дәрігер-мамандарының жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгі азаматтар үшін емдеу-сауықтыру мекемелерінде кезектен тыс қосымша тексеруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде жұмысқа тартылатын медициналық персоналға жұмыс орындарын, атқаратын қызметтің және орта айлық жалақыларының сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5.«"Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығына (М.К. Алдабергеновтың) (келісімімен) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге арналған нарядты оқу орындарына жеткізсін, бастапқы әскери даярлау оқытушылары-ұйымдастырушыларын әскери оқу орындары жөнінде аңықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын,бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталуы туралы хабарландыру берсін. Тіркеу кезінде әскери оқу орнына түсуіне әскери-кәсіптік бағдарлау мақсатында әрбір әскер жасына дейінгі азаматпен жеке әңгімелесу жүргізсін;
Тармақша 2
2) уақытша жұмысқа 17 (он жеті) техникалық жұмыскер мен жеке көлігі бар 3 (үш) жүргізушіні қабылдасын.
Тармақ 6
6.«"Қостанай қаласының Солтүстік ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Ю.П. Мелиховтың) (келісімімен) және "Қостанай қаласының Оңтүстік ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (С.К. Жұмабаевтың) (келісімімен), "Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне тіркеу комиссиясынан өтуге келмеген бозбалаларды уақытылы іздеу және жеткізу жөнінде көмек көрсету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. "Қостанай қаласы әкімиятының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Л. С. Кураева):
2007 жылдың қаңтар-наурызындағы тіркеуді ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шаралардың қаржыландыруын«"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шығыстар сметасында көзделген ассигнованиялары есебінен жүргізсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы 2007 жылғы 03 қаңтардан бастап іс- әрекет жасауға енді.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.С. Ержановқа жүктелсін.
Басқа 16. Комиссия мүшелері:
Әкімдіктің
2007 жылғы 15 қаңтардағы
№ 147 қаулысына қосымша
Қалалық тіркеу комиссиясының құрамы
АЛДАБЕРГЕНОВ МЕЙРАМ КАПАНҮЛЫ - Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі
басқармасының бастығы, төраға
ЯНКИН ЛЕОНИД НИКОЛАЕВИЧ - Қостанай қаласы әкімінің кеңесшісі, орынбасар
Комиссия мүшелері:
БУШМАКИН ОЛЕГ НИКОЛАЕВИЧ - Қостанай қаласының Оңтүстік ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары (келісім бойынша)
ШЕРЕМЕТ СВЕТЛАНА ВАСИЛЬЕВНА - дәрігер-хирург, медициналық комиссиясының төрайымы
(келісім бойынша)
КҮНТУАРОВА АЙЖАН ОМАРҚЫЗЫ - медициналық медбике, комиссия хатшысы (келісім
бойынша)
МҮҚАШЕВ АСЫЛХАН ӘШІМХАНҮЛЫ - Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы бастығының орынбасары, төраға
ТЕ ВАЛЕНТИНА ДМИТРИЕВНА - Қостанай қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың
құқығын қорғау жөніндегі жауапты хатшысы, орынбасар
ӘБДІРАХМАНОВ ҚАБДҮЛХАН ҚАБДЕНҮЛЫ - Қостанай қаласының Солтүстік ішкі істер бөлім
бастығының орынбасары (келісім бойынша)
ДЖҮСІПБЕКОВ ХАМИДОЛЛА КӘРІМҮЛЫ - дәрігер-хирург, медициналық комиссияның төрағасы
(келісім бойынша)
САУЖАНОВА ӘСЕЛ БАЛТАШҚЫЗЫ - медициналық мейірбике, комиссия хатшысы
(келісім бойынша)