Қолданыстағы ред. 19.01.2007

2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 19.01.2007 г. № 8 (2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)

0

2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабының 1,5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы № 836 қаулысымен бекітілген «Ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» Ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақылы қоғамдық жұмыс ұсыныс пен сұранысқа сай жұмыссыз азаматтар үшін уақытша жұмыс орнын құру жолымен ақылы қоғамдық жұмыс ұйымдастырылсын. Ұйымдардың тізімі, түрлі жұмыс орындарының саны қосымшаға сай бекітілсін.

2

2. «Қаратал аудандық жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

1

1) қосымшаға сай бекітілген уақытша орындалатын қоғамдық жұмыстар өтетін ұйымдармен келісім-шартқа отырсын;

2

2) жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға мақсатты топқа жататын азаматтар жіберілсін;

3

3) нақты атқарылған қоғамдық жұмысқа ақы төлеу жеке келісім бойынша, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландарылатын ең төменгі еңбеқақы мөлшерде атқарылтан жұмыс ece6i және жұмыс уақыты көрсетілген eceбi бойынша жүргізілсін.

3

3. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 26 қаңтарында 2-12-21 нөмірімен тіркелтен, 2006 жылдың 3 ақпанындағы №5 «Қаратал» газетінде жарияланған, Қаратал ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 12 қаңтарындағы №1 «2006 жылы ақылы қоғамдық жұмысты шымдастыру туралы» қаулысының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.Естібаеваға жүктелсін.

5

5. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Қаратал аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы:
Шара Сәдуқызы Қаймолдина
Қаратал ауданы Әкімінің «Қаратал көркейту»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорынның бастығы:
Қанабек Өзбекұлы Есботанов
«Қаратал ауданының әйелдерді қолдау
орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы:
Валентина Васильевна Ин
«Қаратал ауданынын, қорғаныс icтepi жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы:
Fалымжан Қуанышбайұлы Жантурин
Қаратал ауданындағы «Қаратал Су құбыры»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық еншілес кәсіпорнының басшысы:
Юрий Михайлович Мальгин
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық
бірлестігі Қаратал бастауыш ұйымының»
корпоративтік қорының төрайымы:
Эля Германовна Ким
«Қазақстан Республикасы курдарының
«Барбанг» қауымдастығы» аймақтық қоғамдық
бірлестігінің Талдықорған аймақтық филиалынын
төрағасы:
Али Сулоевич Мамуч-оглы
Алматы облысы мемлекеттік мұражайының
Қаратал аудандық филиалының бастығы:
Лидия Ивановна Русакова
Қаратал ауданы жастарының «Жастар тандауы»
қоғамдық бірлестігінің басшысы:
Ажар Нұрмұхаамбетқызы Әкімбекова
«Мүгедек және ақыл-eci, дене бітімінің
кемістігі бар балаларға қамқорлық
көрсетуші ата-аналардың «Алпамыс ассоциациясы»
қоғамдық бірлестігінің Yштөбе филиалының басшысы:
Аңсаған Болатқызы Жакуленова

9

Қаратал ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 19 қаңтарындағы № 8 «2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысымен бекітілген қосымша
Қаратал ауданының 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тізімі

Ұйымдар мен кәсіпорындардың аталуы
Уақытша орындалатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
1
2
3
1
Қаратал ауданы әкімінің «Қаратал көркейту» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қаланы көркейтіп (талдарды, жол ipгe тастарын әктеп), көгалдандыру, санитарлық тазалық өткізу (орталық саябақта, жол жағалауларында, жол қиылыстарында). Орталық стадион мен қалалық демалыс және мәдениет саябағын барынша күтімге алу. Иесіз үйлердің есік-терезелерін қалап, талдардың бұталарын тегістеп қию. Талдар eгіп, көшеттер мен гүлдерді күту. Қала жолдарын кезекті жөндеуден өткізуге атсалысу. Су арықтарын тазартып, олардың осал жерлерін бекіту. Ескерткіштерді күтіп-баптау. Саябақтарды күту мен жол жағаларының шөптерін шауып, талдарын біркелкі етіп қию. Ақпарат орталықтарындағы сайлау науқандары кезеңіндегі жұмыстар. Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын тексеру және есепке алу. Жалғызбасты және қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсету. Мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды (спорт жарыстары, фестивальдар, басқа да әртүрлі мерекелер) ұйымдастыруға көмектесу. Мереке күндеріне дайындалу және соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты адамдарға көмек көрсету, аулаларын реттестіруге және де басқа қажетті көмектер көрсету.
2
Тастөбе ауылдық округі
Ауылдық округтерді көркейтіп, көгалдандыру. Тұрғын ауылдарды қоқыстан тазартып, аймақтық экологиясын жақсарту. Жолдарды жөндеп, арықтарды тазартып, осал жерлерін бекіту, тас, киыршық, құм дайындау. Әлеуметтік мәдени ошақтарды жөндеуден өткізіп, ескерткіштерді өндеп, күту. Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын тексеру және есепке алу. Мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды (спорт жарыстары, фестивальдар, басқа да әртүрлі мерекелер) ұйымдастыруға көмектесу. Ағаштар отырғызып, шарбақтар тұрғызып оларды сырлау. Мереке күндеріне дайындалу және соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты адамдарға көмек көрсету. Ақпарат орталықтарындағы сайлау және әлеуметтік ic- шаралар науқандары кезеңіндегі жұмыстарды атқару.
3
Бірінші май ауылдық округі
Ауылдық округтерді көркейтіп, көгалдандыру (Бірінші май, Айту, Жасталап, Қожбан). Тұрғын ауылдарды қоқыстан тазартып, аймақтық экологиясын жақсарту. Жолдарды жөндеп, арықтарды тазартып, осал жерлерін бекіту, тас, қиыршық, құм дайындау. Әлеуметтік мәдени ошақтарды жөндеуден өткізіп ескерткіштерді өндеп, күту. Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын тексеру және есепке алу. Мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды (спорт жарыстары, фестивальдар, басқа да әртүрлі мерекелер) ұйымдастыруға көмектесу.
Ағаштар отырғызып, шарбақтар тұрғызып, оларды сырлау. Мереке күндеріне дайындалу және соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты қарт адамдарға көмек көрсету. Бұзылған үйлердің орындарын тазалау.Ақпарат орталықтарындағы сайлау, әлеуметтік ic-шаралар науқандары кезеңіндегі жұмыстар.
4
Ескелді ауылдық округі
Ауылдық округтерді көркейтіп, көгалдандыру (Ескелді, Қызылжар, Достижение, Мопр). Тұрғын ауылдарды қоқыстан тазартып, аймақтық экологиясын жақсарту. Жолдарды жөндеп, арықтарды тазартып, осал жерлерін бекіту, тас, қиыршық, құм дайындау. Әлеуметтік мәдени ошақтарды жөндеуден өткізіп ескерткіштерді өндеп, күту. Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын тексеру және есепке алу. Мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды (спорт жарыстары, фестивальдар, басқа да әртүрлі мерекелер) ұйымдастыруға көмектесу.
Ағаштар отырғызып, шарбақтар тұрғызып, оларды сырлау. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған мемориалды әктеп, сырлау, айналасын тазалау. Соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты қарт адамдарға көмек көрсету. Бұзылған үйлердің орындарын тазалау. Ақпарат орталықтарындағы сайлау, әлеуметтік ic-шаралар науқандары кезеңіндегі жұмыстар.
5
Қарашеңгел ауылдық округі
Ауылдық округтерді көркейтіп, көгалдандыру (Кәлпе, Қанабек, Қарашеңгел, Айдар). Тұрғын ауылдарды қоқыстан тазартып, аймақтық экологиясын жақсарту. Жолдарды жөндеп, арықтарды тазартып, осал жерлерін бекіту, тас, қиыршық, құм дайындау. Әлеуметтік мәдени ошақтарды жөндеуден өткізіп ескерткіштерді өндеп, күту. Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын тексеру және есепке алу. Мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды (спорт жарыстары, фестивальдар, басқа да әртүрлі мерекелер) ұйымдастыруға көмектесу.
Ағаштар отырғызып, шарбақтар тұрғызып, оларды сырлау. Соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты қарт адамдарға көмек көрсету. Бұзылған үйлердің орындарын тазалау.Ақпарат орталықтарындағы сайлау, әлеуметтік ic-шаралар науқандары кезеңіндегі жұмыстар.
6
Елтай ауылдық округі
Ауылдық округтерді көркейтіп, көгалдандыру (Елтай, Сарыбұлақ). Тұрғын ауылдарды қоқыстан тазартып, аймақтық экологиясын жақсарту. Маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына қатысып, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау. Жолдарды жөндеп, арықтарды тазартып, осал жерлерін бекіту, тас, қиыршық, құм дайындау. Әлеуметтік мәдени ошақтарды жөндеуден өткізіп ескерткіштерді өндеп, күту. Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын тексеру және есепке алу. Мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды (спорт жарыстары, фестивальдар, басқа да әртүрлі мерекелер) ұйымдастыруға көмектесу. Соғыс ардагерлерін жалғызбасты қарт адамдарға көмек көрсету. Ақпарат орталықтарындағы сайлау, әлеуметтік ic-шаралар науқандары кезеңіндегі жұмыстар.
7
Балпық ауылдық округі
Ауылдық округтерді көркейтіп, көгалдандыру (Жаңаталап, Оян, Ұмтыл). Тұрғын ауылдарды қоқыстан тазартып, аймақтық экологиясын жақсарту. Маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына қатысып, ауылшаруашылық өнімде-рін дайындау. Жолдарды жөндеп, арықтарды тазартып, осал жерлерін бекіту, тас, қиыршық, құм дайындау. Әлеуметтік мәдени ошақтарды жөндеуден өткізіп, ескерткіштерді өндеп, күту. Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын тексеру және есепке алу. Мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды (спорт жарыстары, фестивальдар, басқа да әртүрлі мерекелер) ұйымдастыруға көмектесу. Соғыс ардагерлеріне және жалғызбасты қарт адамдарға көмек көрсету. Ақпарат орталықтарындағы сайлау, әлеуметтік ic-шаралар науқандары кезеңіндегі жұмыстар.
8
Бастөбе ауылдық округі
Ауылдық округтерді көркейтіп, көгалдандыру (Бастөбе, Ортатөбе, Kіші төбе, Жылыбұлақ). Тұрғын ауылдарды қоқыстан тазартып, аймақтық экологиясын жақсарту. Маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына қатысып, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау. Жолдарды жөндеп, арықтарды тазартып, осал жерлерін бекіту, тас, қиыршық, құм дайындау. Әлеуметтік мәдени ошақтарды жөндеуден өткізіп, ескерткіштерді өндеп, күту. Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын тексеру және есепке алу. Мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды (спорт жарыстары, фестивальдар), басқа да әртүрлі мерекелер) ұйымдастыруға көмектесу. Соғыс ардагерлеріне және жалғызбасты қарт адамдарға көмек көрсету. Ақпарат орталықтарындағы сайлау, әлеуметтік ic-шаралар науқандары кезеңіңдегі жұмыстар. Елді мекендердегі бұзылған үйлер мен ғимараттардың орнын тазартып, құрылыс қалдықтардын шығару.
9
Қаңбақты ауылдық округі
Ауылдық округтерді көркейтіп, көгалдандыру (Ақиық, Алмалы, Дөнши, Ақжар). Тұрғын ауылдарды қоқыстан тазартып, аймақтық экологиясын жақсарту. Маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына қатысып, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау. Жолдарды жөндеп, арықтарды тазартып, осал жерлерін бекіту, тас, қиыршық, құм дайындау. Әлеуметтік мәдени ошақтарды жөндеуден өткізіп, ескерткіштерді өңдеп, куту. Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын тексеру және есепке алу. Мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды (спорт жарыстары, фестивальдар, басқа да әртүрлі мерекелер) ұйымдастыруға көмектесу. Соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты қарт адамдарға көмек көрсету. Ақпарат орталықтарындағы сайлау, әлеуметтік ic-шаралар науқандары кезеңіндегі жұмыстар
10
Қызылбалық ауылдық округі
Ауылдық округтерді көркейтіп, көгалдандыру (Kөпбірлік, Қарақұм). Тұрғын ауылдарды қоқыстан тазартып, аймақтың экологиясын жақсарту. Маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына қатысып, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау. Жолдарды жөндеп, арықтарды тазартып, осал жерлерін бекіту, тас, қиыршық, құм дайындау. Әлеуметтік мәдени ошақтарды жөндеуден өткізіп, ескерткіштерді өңдеп, күту. Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын тексеру және есепке алу. Мәдени және спорттық мақсаттағы ауқымды ic-шараларды (спорт жарыстары, фестивальдар, басқа да әртүрлі мерекелер) ұйымдастыруға көмектесу. Соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты қарт адамдарға көмек көрсету. Ақпарат орталықтарындағы сайлау, әлеуметтік ic-шаралар науқандары кезеңіндегі жұмыстар
11
«Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Әскер жасына жеткен азаматтарды тiзiмдeyгe көмек көрсету
12
«Қаратал ауданының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі
«Болашақ» жастар сайлау клубы, жалғызбасты және қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсету, жағдайлары төмен отбасыларымен жұмыс жасау. «Батыр» жacөcпipiмдep аула клубы. «Өз мүмкіншдігінді пайдалан» атты қала мен ауыл тұрғындары арасында мүлікті жекешелендіру туралы кеңестер беру және құжаттарын жинастыру жобасы
13
«Қазақстан Республикасы курдтарының «Барбанг» қауымдастығы» аймақтың қоғамдық бірлестігінің Талдықорған аймақтық филиалы
Құрт халқының салт-дәстүрімен таныстыру және олардың өнерлерін жаңғырту
14
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қаратал бастауыш ұйымының» кооперативтік қоры
Көзі көрмейтін мүгедектерді бipiктipy, құқыларын қорғау, еңбекке, білімге, мәдениетке және спортқа баулу
15
Қаратал ауданындағы «Қаратал Су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық еншілес кәсіпорны
Кубырлар мен Кудьщтарды жэне су кубырларын тазалап калпына келт1ру.
16
Алматы облысы мемлекеттік мұражайлық Қаратал аудандық филиалы
Мұражайдың құжаттарымен жұмыс жасау
17
Қаратал ауданы жастарының «Жастар таңдауы» қоғамдық бipлестігі
Жастардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени мүдделерін қорғау және ұсыныс енгізу. Жастар арасында ішімдік пен нашақорлыққа қарсы ic- шаралар ұйымдастыру және жүргізу
18
«Мүгедек және ақыл-eci, дене бітімінің кемістігі бар балаларға қамқорлық көрсетуші ата-аналардың «Алпамыс ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Үштөбе филиалы
Ақыл-eci, дене бітімінде кемістігі бар балаларға және ересектерге қамқорлық көрсету және оларды қоғамдық өмірге бейімдеу мен қолдауды ұйымдастыру
Үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да мекемелерге ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыз азаматтардың жалақысы ең кемінде ай сайын 9752 теңге көлемінде жергілікті бюджеттен төленеді.
2007 жылы қоғамдық жұмысқа 300 жұмыссыз азаматтар жіберіліп, төленетін қаражаттың көлемі 8373000 теңге құрамында болады.