2007 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 13, 14) тармақшаларына сәйкес, халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарына мынадай санаттағылар жатады деп белгіленсін:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қар улы Күштерінің қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) ұзақ мерзім бойы жұмыссыз адам бар (бір жыл және одан ұзақ);
Тармақша 12
12) елу жастан асқан адамдар;
Тармақша 13
13) жалпы білім беру және кәсіби мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектері.
Тармақ 2
2. Ауданның селолары мен селолық округтерінің әкімдері халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды тұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамту және кәсіби даярлау жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдессін.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің «2006 жылғы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы» 2006 жылғы 15 наурыздағы № 72 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-30, № 11 "Науырзым" аудандық газетінде 2006 жылғы 9 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Шаяхметовке жүктелсін.