Об организации общественных работ на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31-бабының негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын кәсіпорындардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қосымша тізбеде көрсетілген кәсіпорындар басшылары “Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шарттарды жасасу мен нақты жұмыс түрлерін есепке алсын.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік, денсаулық сақтау, білім, мәдениет бюджеттік бағдармалар әкімгерлері тізбеде белгіленген кәсіпорындар еңбекақы төлеген және қызмет көрсеткен кезде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін есепке алсын.
Тармақ 4
4. «Аркалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Сүлейменова) қоғамдық жұмыстарға арналған жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі жалақының мөлшерінде жергілікті бюджеттен төленетінін есте ұстасын.
Тармақ 5
5. 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 632 «2006 жылы қоғамдык жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-24), «Арқалық хабары» газетінің «2006 жылғы 17 ақпандағы 6 (80) нөмірінде жарияланған, 2006 жылғы 10 мамырдағы № 253 «2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 632 «2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-36), 2006 жылғы 12 маусымдағы № 308 «2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 632 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-37), «Арқалық хабары» газетінің 2006 жылғы 7 шілдедегі 26 (10) нөмірінде жарияланған қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Р.С. Жақыповаға жүктелсін.
Басқа 8
Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 19 қантардағы № 64 қаулысына қосымша