Об определении целевых групп населения и мер по их социальной защите от безработицы в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарын анықтау
және 2007 жылы оларды жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар
туралы
«Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II Заңыңың 5-бабы 2-тармағы және 7-бабы 2, 6-тармақтары, 18-1-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментінің 2005 жылғы 11 қарашадағы № 06-2548 ұсыныстары негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Семей өңірі аумағында тұратын нысаналы топтар белгіленсін, оларға мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жазғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Реепубликасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) есірткіге тәуелді және ВИЧ-инфекциясын жұқтырған азаматтар жатады.
Тармақ 2
2. «Жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды:
Тармақша 1
1) жұмысқа орналастыру;
Тармақша 2
2) кәсіптік оқуға жіберу;
Тармақша 3
3) ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту;
Тармақша 4
4) жастар тәжірибесіне қатыстыру;
Тармақша 5
5) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру шараларын қолданған
кезде халықтың нысаналы топтарына басымдық берсін.
Тармақ 3
3. Әкімдіктің осы қаулысының атқарылуын бақылау «Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы жариялған күннен бастап заңды күшіне енеді.
«Семей қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ
Қ.Жұмабай
Келісілді:
Әкімнің орынбасары
Т. Мүсәпірбеков
Қала әкімі аппаратының басшысы
Е.Майкенов