Об установлении ставки на кассу букмекерской конторы на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған букмекерлік кеңсе кассасының ставкасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 392, 394 баптарына сәйкес және жазып алынған жиынтық салық ставкаларының өзгерістеріне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» Қаулысының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Букмекерлік кеңсе кассасына жазып алынған жиынтық салық бір жылға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауданның бюджеттік саясат және әлеуметтік – экономикалық дамыту мәселелері бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.