«Қорғалжын ауданында 2007 жылы халықты жұмыспен қамту және осы жөнінде шаралар мен нысаналы топтың адамдарын аңықтау жөнінде» Қолданыста
Басқа 0
«Қорғалжын ауданында 2007 жылы халықты жұмыспен қамту және осы жөнінде шаралар мен нысаналы топтың адамдарын аңықтау жөнінде»
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149-11 заңының 7 бабы негізінде, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мақсатында, нысаналы топқа кіретін, әлеуметтік көмекті аса қажет ететін адамдарды анықтау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабын басшылыққа алып, жұмыссыздардың нысаналы тобының құрамы анықталсын.
Тармақ 2
2. Нысаналы топ бір жылдан артық жұмыс істемейтін 24 жасқа дейінгі жастармен және туберкулезбен ауырғандарға, олар емдеудің толық курсын өткеннен кейін жұмысқа орналасуға жәрдемдесуден толықтырылсын.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы топтың адамдарын қабылдай алатын кәсіпорындар мен ұйымдарды анықтасын
Тармақ 4
4. Ауыл округтерінің әкімдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліммімен бірлесе отырып нысаналы топтың адамдарын жұмыспен қамту шараларын дайындасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Қорғалжын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және аудандық газетте жариялануы тиіс.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.