Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости на 2007 год по Аршалынскому району Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аршалы ауданы бойынша 2007 жылға халықтың мақсатты тобын анықтау және олардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау туралы «Казақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7-баптарына сәйкес мақсатты топтарға жататын тұлғаларды жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғауға мұқтаждардың қамтылуына ықпал ету мақсатында Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5- бабына сәйкес келісілген мақсатты топқа жататын тұлғалар тізімі басшылыққа алынсын.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ережеге сәйкес халықтың мақсатты топтар арасынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың (басшыларының келісімі бойынша) тізімін анықтасын.
Тармақ 3
3. Аршалы кентінің және округ әкімдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен біргелікте мақсатты топқа жататын, азаматтарды жұмысқа орналастыру шараларын қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Талғат Жаңабергенұлы Мәмбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және жарияланғаннан бастап күшіне енеді.
Басқа 6. 2007 жылға арналған мақсатты топтарға кіретін, азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Аршалы ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі
Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша 2007 ж. «29» 01 № 36 «Аршалы ауданы бойынша 2007 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау және олардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету бойынша шаралар туралы» 2007 жылға арналған мақсатты топтарға кіретін, азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Аршалы ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі № р/с Кә­сі­по­рын­дар мен ұй­ым­дар­дың ата­у­ла­ры Жал­пы жұ­мыс орын­да­ры со­ның ішін­де 24 жас­қа дей­ін­гі жастар Ба­ла­лар үй­ле­рі­нің тү­лек­те­рі, же­тім­дер, ата­на­ның қа­мор­лы­ғы­сыз ба­ла­лар Кәме­лет­ке жет­пе­ген ба­ла­лар­ды тәр­би­е­лей­тін жал­ғы­з­ба­сты ата-ана­лар және көп ба­ла­лы ата-ана­лар Кү­тім­ді қа­жет ете­тін тұ­лға­лар­ДЫ асы­рай ала­тын аза­мат­тар Зей­нет­кер­лік жас­қа та­я­ған­дар Мү­ге­дек­тер ҚР қа­ру­лы кү­ш­те­рі­нен боса­ты­л­ған­дар Бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ры­лып, жа­за­сын өте­ген­дер Ми­грант­тар, со­ның ішін­де орал­ман­дар Көп уа­қыт бойы жұ­мыс іс­те­ме­ген­дер 1 «Аудандық орталық аурухана» ММ 12 6 1 1 1 3 2 «Аркада-Индастри» ЖШС 18 6 1 2 1 7 3 «Қазшпал» АҚ 19 5 1 2 1 1 1 5 4 Аршалы аудандық пошта байланысы орталығы 6 1 2 2 БАРЛЫҒЫ: 55 18 4 3 2 1 3 2 17 Санаттар ішіндегісінің 25 күнкөрісі төмендер