Об организации социальных рабочих мест в Сандыктауском районе в 2007 году Күшін жойған
Басқа 0
Сандықтау ауданында 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағының 5-4 тармақшасына және 18-1 бабына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша іс шараларды белгілеу үшін, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2007 жылы Сандықтау ауданының ұйымдары мен кәсіпорындарында құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына еңбекке орналастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрайтын, кәсіпорындар мен ұйымдардың қоса тіркелетін тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу, аудан бюджеті қаражатынан 50 пайыз ең төмен жалақы мөлшерінде жартылай өтемақы беріліп, жұмыс берушінің қаражатынан жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Сандықтау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № А-3/58 «Сандықтау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Сандықтау ауданының әділет басқармасында 2006 жылдың 3 сәуірінде № 1- 16-33 тіркелген, 2006 жылдың 12 сәуірінде аудандық № 28 (7488) «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) қаулысы; Сандықтау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 шілдедегі № А-6/154 «Сандықтау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № А-3/58 «Сандықтау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2006 жылдың 31 шілдесінде №1-16-44 тіркелген 2006 жылдың 3 тамызында аудандық № 61 (7521) «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) Қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қаулы Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жарияланылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Басқа 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы кәсіпорындар мен ұйымдардың ТІЗБЕСІ
Ақмола облысы Сандықтау
ауданы әкімінің 2007 жылғы
26 01 № А-1/8
«Сандықтау ауданында 2007
жылы әлеуметтік жұмыс
орындарын құру туралы»
қаулысымен БЕКІТІЛДІ
Әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы кәсіпорындар мен ұйымдардың ТІЗБЕСІ
Т.б.
№
Кәсіпорындар мен ұйымдардың атауы
Адам саны
1
«Тұлпар» шаруа қожалығы
2
2
Жеке кәсіпкер Кофанова В.А.
1
3
Жеке кәсіпкер Смолякова О.В.
2
4
Жеке кәсіпкер Шишкин Ю.И.
10
5
Жеке кәсіпкер Акимов М.А.
6
6
Жеке кәсіпкер Мораш Е.В.
2
7
«Гермес» шаруа қожалығы
3
8
«Сандықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
9
Жеке кәсіпкер Сидорова Л.В.
2