Об организации, объемах и видах общественных работ на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, көлемдері және түрлері туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын 20-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшалары негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға, қоғамдық жұмыстардың көлемдері мен түрлерін, жұмыс орындарын ұсынушы ұйым болып «Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы денсаулық сақтау департаменгініп Алтынсарин аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 88 «2006 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, көлемдері және түрлері туралы» қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-22, 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 13 «Таза бұлақ - Чистый родник» газеті) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5