О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2007 жылға арналған қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5,7, 18-1 баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың мынадай қосымша тізбесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) жиырма бір жастан жиырма төрт жас аралығындағы, соның ішінде бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру оқу орындарын бітірген және жұмыс өтілі жоқ жастар;
Тармақша 2
2) әйелдер үшін 50 жастан жоғары және ер адамдар үшін 55 жастан жоғары тұлғалар;
Тармақша 3
3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
Тармақша 4
4) отбасында бірде бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
Тармақша 5
5) жалғызылікті тұрып жатқандар;
Тармақша 6
6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жастан жиырма төрт жасқа дейінгі аралықтағы, соның ішінде бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру оқу орындары бітірген және жұмыс өтілі жоқ жастар "жастар тәжірибесінен" өту үшін әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқанда жұмыс берушіге жұмсалған қаражат шығыны жұмыссыздарға әлеуметтік көмек бойынша қосымша шара ретінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заннамасымен белгіленген ең аз еңбекақы көлемінен кем болмайтын мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту жөне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемсі (С.С. Секенова) нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және жұмыс берушімен келісілген шарттарға сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді және 2007 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатнаста таратылады.
Тармақ 6