Об организации социальных рабочих мест в Зерендинском районе в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Зеренді ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес және Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптау кеңесінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 6 хаттамасы негізінде, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды қабылдау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар мен ұйымдардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зеренді ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (З.Б.Қазияқпарова) 2007 жылы Зеренді ауданының аумағында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде жұмыстарды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысына жіберілген жұмыс беруші шығындарының минималдық еңбек ақысынан 50 пайыз көлеміндегі жарым-жарты өтемақысы нақты орындалған жұмыс көлемі үшін алты айдан ұзақ емес мерзімге олардың жеке шоттарына аудару жолымен бюджет қаражаттарынан төленсін.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға еңбекақыларын бюджет қаражаттарынан төленген қаражаттардың шегеруімен төлейді.
Тармақ 5
5. Қаржы бөлімі (С.Б.Айтуғанов) 2007 жылға арналған ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орташа мерзімді жоспарының көрсеткіштеріне сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Зернді ауданының Әділет басқармасында 2006 жылғы 31 қаңтарда № 1-14-36 тіркелген, Зеренді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 13 «2006 жылы Зеренді ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және 2007 жылдың 1 қаңтарынан бері пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
Басқа 9. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі
БЕКІТІЛДІ Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «20» 02 № 62 «2007 жылы Зеренді ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысымен Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі № Кәсіпорындар мен ұйымдардың атауы Мамандық Адамдар саны Ұзақтығы Айлық еңбекақы Барлығы 1. «Зеренді Астық» ЖШС, Троицк бөлімшесі жұмысшы 4 үш ай 19504 58512 2. «Амур Көкше» ЖШС ағаш кесуші 5 алты ай 24380 146280 3. «Рейн» ЖШС жұмысшы 6 үш ай 29256 87768 4. «Жігер» ЖШС жүргізуші 1 екі ай 4876 9752 5. Каолин комбинаты жұмысшы 5 үш ай 24380 73140 6. «Сұңқар» СК жұмысшы 5 үш ай 24380 73140 7. «Фройндшафт» ЖШС аспазшы 2 бес ай 9752 48760 8. «Шағала» АШК жұмысшы 6 үш ай 29256 87768 9. «Аман» ШҚ жұмысшы 4 үш ай 19504 58512 10. «Христос для всех» ШҚ жұмысшы 7 үш ай 34132 102396 11. «Шағыл» ШҚ жұмысшы 5 үш ай 24380 73140 12. «Облгазкөкшетау» Зеренді учаскесі күзетші 1 бір ай 4876 4876 13. «Садовый селолық округі әкімінің аппараты» ММ от жағушы 2 алты ай 9876 58512 14. «Ортақ селолық округі әкімінің аппараты» ММ от жағушы 2 алты ай 9876 58512 15. А.А.Өтепбаевтың ШҚ от жағушы 1 алты ай 4876 29256 16. «Зеренді аудандық орталық аурухана» ММ от жағушы 1 үш ай 4876 14628 17. ЖК Копылова сатушы 1 үш ай 4876 14628 18. ЖК Нұрмаганбетов моншашы 1 төрт ай 4876 19504 19. ЖК Антонияди парикмахер 1 алты ай 4876 29256 20. ЖК Исаак от жағушы 2 төрт ай 9752 39008 21. ЖК Долгов күзетші 2 бес ай 9752 48760 22. ЖК Баранова сатушы 3 алты ай 14628 87768 23. ЖК Байкенова сатушы 3 алты ай 14628 87768 Барлығы 70 1311644 Банк қызметтері 3356 Барлығы 1315000 Абревиатуралардың толық жазылуы: ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік АШК – ауыл шаруашылық кәсіпорны СК - сауқтыру кешені ШҚ - шаруа қожалығы ЖК-жеке кәсіпікер