Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости в 2007 году по Ерейментаускому району Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Ерейментау ауданы бойынша халықтың нысаналы тобын анықтау және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес нысаналы топқа кіретін тұлғалардың және әлеуметтік көмекті мұқтаж ететін тұлғалардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатымен Ерейментау аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес нысаналы топқа кіретін тұлғалардың тізімі басшылыққа алынсын.
Тармақ 2
2. Нысаналы топтың тізімі келесідей тұлғалармен толықтырылсын: ұзак уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан көп), 24 жасқа дейінгі жастар, 50 жастан жоғары адамдар, аурулардың айырықша ескерілетін санаттары, АҚТҚ/ЖҚТБ қоздырғышын жүқтырған адамдар
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі нысаналы топқа кіретін жұмыссыздардың жұмыспен қамтуға кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімін анықтасын.
Тармақ 4
4. Ауыл және ауылдық округ әкімдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен әрекеттесіп нысаналы топқа кіретін жұмыссыздардың жұмыспен қамту шараларын ескерсін.
Тармақ 5
5. Әділет басқармасында 2006 жылдың 2 ақпан күні тіркелген нөмірі № 1-9-45, аудандық «Ереймен» № 14 газетінде 2006 жылдың 8 ақпанында жарияланған аудан әкімдігінің 2006 жылдың 13 қаңтардағы № а-1/3 «2006 жылы Ерейментау ауданы бойынша халықтың нысаналы тобын анықтау және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру туралы» қаулысы өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Қаулы Ерейментау аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап өз күшіне енеді және аудандық газетте міндетті түрде ресми жариялануы тиіс.
Тармақ 7
7. Нақты қаулының іс-әрекеті 2007 жылдың 1 қаңтардан бастап таралады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н.Дүйсембаеваға жүктелсін.