Об организации общественных работ в Успенском районе на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Успен ауданында уақытша қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 13) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек жасау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Успен ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мелекеттік мекемесі (Г.Ж. Шаихова) кәсіпорныдармен және ұйымдармен (келісім бойынша) аудандағы жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмысқа келісім шарт ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, жіберілетін жұмыссыздар саны, аудандық бюджет қаражатының шығын көлемі, 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыс түрлері бектілісін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Дәрігерлік-кеңесші комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеу қойылған азаматтар және 3 топтағы мүгедек жұмыссыздар қоғамдық жұмысқа олардың денсаулығына сәйкес медицина мекемелері ұсынған жұмыс түрлеріне жіберілсін.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға еңбек ақы республика бойынша бектіліген төменгі айлық мөлшерінде бектілісін.
Тармақ 6
6. Тұрғындардың мақсатты тобына жататын жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстың жекелеген түрлеріне қатысу мерзімі бір жылға дейін деп бекітілсін.
Тармақ 7
7. Успен ауданының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Жүніспаева С.О.) әлеуметтік жұмыс орындарының аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде өз уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланған соң 10 күннен кейін күшіне енеді. Келісілді: Успен ауданының «Қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Шамкенов «11» ақпан 2007 ж. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт Басқармасының «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» қазыналық коммуналды мемлекеттік кәсіпорнының директоры В. Курсаков «11» ақпан 2007 ж. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау Департаментінің «Успен орталық аудандық ауруханасы» қазыналық коммуналды мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері Р. Ибраева «11» ақпан 2007 ж.
Басқа 10. Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, жіберілетін жұмыссыздар саны, аудандық бюджет қаражатының шығын көлемінің тізбесі
Успен ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпан «2007 жылы Успен жылғы 12 ақпан «2007 жылы Успен ауданында уақытшы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» № 70/2 қаулысына 1 қосымша Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, жіберілетін жұмыссыздар саны, аудандық бюджет қаражатының шығын көлемінің тізбесі р/с Кәсіпорындар мен үйымдар атауы Жіберілген жұмыссыз адамдар саны Шығын сомасы мың теңге 1. «Успен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 105 2702.5 2. Успен ауданының «Қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 6 175.5 3. Успен ауданының «Досуг-центр» қазынашылық коммуналды мемлекеттік кәсіпорны 2 58.5 4. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы Дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» қазынашылық коммуналды мемлекеттік кәсіпорны 5 200.0 5. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы «Успен ауданының орталық аудандық ауруханасы» қазынашылық коммуналды мемлекеттік кәсіпорны 10 97.5 6. Успен ауданының «Туберкулезге қарсы ауруханасы» мемлекеттік мекемесі 4 39.0 7. «Қаратай ауылы әкімінің аппараты» 8 160.0 8. «Богатырь ауылының әкімі аппараты» 10 250.0 9. «Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты» 13 350.0 10. «Ковалев ауылдық округі әкімінің аппараты» 12 350.0 11. «Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты» 15 400.0 12. «Ольгин ауылдық округі әкімінің аппараты» 13 400.0 13. «Тимирязев ауылы әкімі әкімінің аппараты» 13 350.0 14. «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» 26 700.0 15. «Надаров ауылдық округі әкімінің аппараты» 10 350.0 16. «Қонырөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» 26 686.2 17. «Таволжан ауылының әкімі әкімінің аппараты» 10 300.0 18. «Новопокров ауылдық округі әкімінің аппараты әкімінің аппараты» 12 450.0 Қаржылық қызметі 80.2 Әлеуметтік аударылымдар 240.6 Аудан бойынша жиына 300 8340.0
Басқа 11. Успен ауданы бойынша 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлерінің тізбесі
Успен ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «12» ақпан «2007 жылы Успен ауданында уақытшы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» № 70/2 қаулысына 2 қосымша Успен ауданы бойынша 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Елді мекендерді қолмен тазалау, ескі құрылыстарды бұзу, қоқысты тиеп шығару, автожолдар бойындағы ағаштарды кесі және шөптерді шабу, қар тазалау, көктайғақпен күрес.
Тармақ 2
2. Жол салу және жөндеу, су құбырлары, канализация коммуникацияларын салу, көктемде жол құбырларын ашу жұмысын жүргізу.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды, әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілерді күрделі жөндеуден өткізуге, қалпына келтіруге қатысу.
Тармақ 4
4. Мәдени және тарихи ескерткіштерді жөндеуден өткізу және қалпына келтіру.
Тармақ 5
5. Ауылдық елді мекендерді экологиялық сауықтыру (көгаландыру және көріктендіру).
Тармақ 6
6. Мәдени бағыттағы үлкен шараларды (спорт жарыстарын, фестивальдар) ұйымдастыруға көмек көрсету. Еңбеккерлердің жазғы және көктемі бос уақыттарын ұйымдастыру, қысқы мұз айдының жасау, шаңғы трасасын, қысқы қалашықтар, балалардың жазғы спорт алаңдарын жасау.
Тармақ 7
7. Республикалық және аумақтық науқандарды өткізуге қатысу (қоғамдық пікір сұрау, халық санағы, мал басының санағы, мүлікті жария ету жұмыстарына көмек көрсету және т.б.).
Тармақ 8
8. Успен ауданының қорғаныс ісі жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) әскерге шақыру және тізімге алу науқанын өткізуге көмек көрсету.
Тармақ 9
9. Учаскелік комиссияларға аулаларды аралауға көмек көрсету.
Тармақ 10
10. Иесіз қалға әлеуметтік және мәдени маңыздағы объектілерді сақтау. Парктерді және егілген ағаштарды малдардан қорғау.
Тармақ 11
11. Күн көрісі төмен отбастары үшін киілген киімдер жинау.
Тармақ 12
12. Малдарды санитарлық өндеу жұмыстарына тарту.
Тармақ 13
13. Малдарды қолдан ұрықтандыру пункттеріндегі жұмысқа болысу.
Тармақ 14
14. Қарт адамдар мен сырқат мүгедектерге ағаш дайындауға, көмір түсіруге және т.б. көмек көрсету.
Тармақ 15
15. Мектеп асханаларында көмекші жұмысшылар есебінде көмек көрсету.
Тармақ 16
16. Қоғамдық ғимараттарда және әлеуметтік-мәдени бағыттағы ұйымдар қазандығына отжағушылар.