Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, ауданның жеке санаттағы азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек беру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау туралы ұсынылған Нұсқаулығы бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқау).
Тармақ 2
2. 2006 жылдың 20 қантардағы № 4/1 аудан әкімдігінің қаулысымен бектілген, «2006 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеметтік төлем тағайындау Нұсқауларын бекіту жөніндегі» МТН 12-7-25 2006 жылдың 3 ақпандағы Ертіс ауданының әділет басқармасында теркелген, 2006 жылдың 16 ақпандағы № 11 «Ертіс нұры» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырындағы № 127/4 қаулысында енгізілген толықтырулары және өзгерістермен, Ертіс ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 26 мамырында МТН 12-7-32 тіркелген, 2006 жылғы 9 қазанында № 269/8, Ертіс ауданының іділет басқармасында 2006 жылғы 24 қазанында МТН 12-7-36 тіркелген, күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны арнайы жарияланған кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау және оны үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру аудан әкімінің орынбасары Воронин А.Н. жүктелсін.
Басқа 5. 2007 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауы
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпан № 19/2 қаулысымен бекітілген 2007 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, жергілікті уәкілеттік органның шешімі бойынша ауданның жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау осы ұсынылып отырған Нұсқауының тәртібі бойынша анықталады.
Тармақ 2
2. Келесі санаттағы азаматтар бір жолғы әлеуметтік көмек алуына құқылы:
Тармақша 1
1) аз қамтамасыз етілген азаматтар, оралмандар, бас бостандығынан айыру орындарынан оралған тұлғалар – құжаттандыруды жүргізу үшін;
Тармақша 2
2) аз қамтамасыз етілген азаматтар: табысына тәуелді емес, онкологиялық аурулары мен жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғалар емделулеріне мұқтаж; табысына тәуелді емес көру шырағы бойынша 1 топтағы мүгедектер; созылмалы ауру түрімен ауыратын тұлғалар – орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен;
Тармақша 3
3) жалғыз басты қарт адамдардың , Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) ардагерлері мен мүгедектерін «Ертіс нұры» мен «Иртыш» аудандық газеттеріне, «Наш край», «Сарыарқа самалы», мен «Звезда Прииртышья» облыс газеттеріне, «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» республикалық газеттеріне жазу;
Тармақша 4
4) жалғыз басты қарттарға, ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектерінің жергілікті монша мен шаштараздарына тегін баруларына;
Тармақша 5
5) жалғыз бастылар, жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлердің аталып өтетін мерекелік күндері: Жаңа жыл, 8 Наурыз, Наурыз мейрамы, Қарттар күні, Тәуелсіздік күні.
Тармақша 6
6) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
Тармақша 7
7) Жаңа жылға – отбасындағы аз қамтамасыз етілген балалар, бірыңғай жетімдер, мігедек балалар және балаларды қорғау күні;
Тармақша 8
8) 2006 – 2007 оқу жылына орта кәсіби оқу орындарында (бұдан әрі - ОКОО) оқып жатқан студенттер:
Тармақша 9
9) ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектері: дәрі – дәрімек алуларына ай сайынғы көмек; аудан әкімінен Жеңіс күніне орай сыйлықтар; тұрғын үй жөндеуне; телефонға абоненттік төлем; жол жүру құжаттары бойынша Республикалық госпиталға баруына жолақысының төлемі; жылу жүйесіне, ал жайсыз пәтерде тұратындарға – екі тонна мөлшерінде көмір алуларына төлем; тістерін протездеуге; мерей тойларына;
Тармақша 10
10) 80, 90, 100 жастан асқан зейнеткерлердің-Қарттар күнінің аталып өтуі;
Тармақша 11
11) облыс көлеміндегі дербес зейнеткерлері-ай сайынғы қосымша төлем;
Тармақша 12
12) Құрметті азаматтардың ішіндегі зейнеткерлері-санаториялық-емделу курортына.
Тармақша 13
13) Денсаулық сақтау Департаментінің жолдамасы бойынша Республика көлеміндегі сырқаттардың жүріп тұру жолына төлем.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемін тағайындау тәртібі және басқа әлеуметтік көмек көрсету түрлері
3. Әлеуметтік төлемін тағайындау тәртібі және басқа әлеуметтік көмек көрсету түрлері
Тармақ 3
3. Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемін тағайындау Нұсқауының 2-ші тармағында көрсетілген: 4 тармақшада көрсетілген санаттар үшін – талон бойынша шаштаразға, қоғамдық моншаға бару үшін бекітілген тізімге сәйкес жеке шотына аудару;
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлем мөлшері
4. Әлеуметтік төлем мөлшері
Тармақ 4
4. 2- тармақтын тармақшасында көрсетілгендей азаматтардың санаттарына әлеуметтік төлем тағайындалады:
Тармақша 1
1) ең аз мөлшердегі – 1092 теңге;
Тармақша 2
2) бірінші тармақшада көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін – 10000 теңге, екінші және үшінші тармақшаларда – 5000 теңге;
Тармақша 3
3) жылдық жазылымға – аудандық газетіне – 1200 теңге мөлшерінде, облыстық газетіне «Наш край» - 350 теңге, «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» - 1500 теңге, республикалық газеттеріне «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» - 2846 теңге;
Тармақша 4
4) жергілікті моншаға бару үшін бір адамға аптасына 125 теңге, айына шашын қиюға шаштаразда 150 теңге және үйде 200 теңге;
Тармақша 5
5) аталып өтетін мерекелік күндері «Жаңа жыл», «8 Наурыз», «Наурыз мейрамы», «қарттар күні», «Тәуелсіздік күні»; - 5000 теңге мөлшерде;
Тармақша 6
6) жалғыз бастыларға, жалғыз тұратын зейнеткерлерге – 5000 теңге мөлшерде;
Тармақша 7
7) алқаларымен марапатталғандар «Алтын алқа» - 2000 теңге мөлшерде, «Күміс алқа» - 1500 теңге мөлшерде;
Тармақша 8
8) балаларға бір жолғы көмек – 3000 теңге мөлшерде;
Тармақша 9
9) орта мектеп бітірушілерінің облыстың ЖОО-на оқуына – жасалған келісім шарт бойынша толықтай оқу төлем бойынша.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік төлемін және басқадай әлеуметтік көмек түрлерін жүзеге асыру үшін тиісті құжаттардың тізбесі
5. Әлеуметтік төлемін және басқадай әлеуметтік көмек түрлерін жүзеге асыру үшін тиісті құжаттардың тізбесі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемін төлеу және басқадай әлеуметтік көмекті жүзеге асыру үшін Нұсқауындағы 2-ші тармағында көрсетіген жеке санаттағы азаматтардың келесі құжаттары қажет: бұдан басқа, студенттер үшін жоғары оқұ орнынан келесі курсқа көшкені туралы анықтама және алдыңғы оқу жылының қорытындысы; құжаттандыруды жүргізу үшін – әділет бөлімінен анықтама; емделуге-дәрігерлік кеңес комиссиясынан, медициналық әлеуметтік сараптамалық комиссиянан анықтама; жерлеуге – жергелен тұлғанын өтініші, АХАТ органынан анықтама, қайтыс болған туралы куәлік, қайтыс болғанның мәртебесін растайтын құжатты; өкпе ауруымен ауырғандарға – дәрігерден жолдама; ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектері үшін –соғыс ардагерінің куәлігі.
Тарау 6. 6. Отбасының жалпы кірісін есептеу
6. Отбасының жалпы кірісін есептеу
Тармақ 6
6. Жалпы кіріске отбасындағы әр адамның кірісі алынады.
Тармақ 7
7. Жалпы кірісті есептегенде тұрғын үй көмегінен басқа ақшалай немесе заттай алған кірістер өтініш берілген айдың алдындағы 6 ай көлемінде есептеледі.
Тармақ 8
8. Жалпы кірісті есептеу өтініш иесінің берген мәліметтері арқылы жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы алты айға алған жалпы кірісті отбасының әр мүшесіне шағу арқылы есептеледі.
Тарау 7. 7. Төлем
7. Төлем
Тармақ 10
10. Әлеуметтік төлемін алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқын мәртебесі барлар, азаматтағы жоқ шетел азаматтары, ауқытша тұрып жатқандар және Ертіс ауданының аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқығы бар.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік төлемі мына түрде беріледі:
Тармақша 1
1) бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) тоқсан сайын әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) жылына бір рет төлем.
Тармақ 12
12. Қаржыландыру көзі аудан бюджеті.
Тармақ 13
13. Отбасының жалпы кірісі өтініш берушінің әлеуметтік төлем алуына құқылы екенін анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептеледі.
Тармақ 14
14. Өтініш берушінің есеп шотына ақша қаражаты төлемін аудару жолы АҚ (Қазпошта) филиалы арқылы жүргізіледі.
Тарау 8. 8. Есеп және есеп беру
8. Есеп және есеп беру
Тармақ 15
15. Әлеуметтік төлеміне көмек көрсетуде жұмсалған қаржыға есеп және есеп беру Бөлімде жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік төлем негізінде алынған алғашқы құжаттар (белгіленген тізбе боынша өтініш иесі ұсынған өтініш, құжаттар), Заңнамамен бекіткен мерзім ішінде Бөлімде сақталады.