2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабы негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол шаруашылық және көлік бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі ретінде «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) кәсіпорынмен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерді төлегенде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алуға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 3
3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 460 «2006 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы әкімдігінің «Сельхозэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы» (тіркеу № 9-15-26, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 2 ақпанда № 5 жарияланған), қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Басқа 7. Орман өрттерін сөндіруді басқару жөніндегі ауданның жедел құрамы
Әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 14 қаулысына 2- қосымша Орман өрттерін сөндіруді басқару жөніндегі ауданның жедел құрамы Соқытбаев Мейрам Аманжолұлы - аудан әкімінің орынбасары, ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы; Көлбеков Сапабек Кенжетайұлы - «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша); Ковальчук Александр Николаевич - «Меңдіқара ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша); Құрпасов Батырхан Ыбырайұлы - «Боровской ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша); Филипенко Федор Иванович - Қостанай облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялык - құтқару жұмыстары кызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы Меңдікара ауданының № 22 ӨСБ бастығы (келісім бойынша).