2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмысты қаржыландыру және ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 260 жұмыссыздар үшін мекемелермен келісім-шарт бойынша қоғамдық жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың саны бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыс түрлері бекітілсін (2 қосымша)
Тармақ 4
4. Мақсатты топтағы жұмыссыздар үшін толық еңбек ақы төлемімен 24 сағаттық (36 сағат және одан әрі) жұмыс аптасын және оралымды жұмыс кестесін қарастырсын: төрт және одан да артық кәмелетке толмаған асыраушысы бар көп балалы аналар; 3 топ мүгедектері; дәрігерлік – кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбектен шеттетілген азаматтар.
Тармақ 5
5. 3 топ мүгедектері қатарындағы жұмыссыздар мен дәрігерлік кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбектен шеттетілген азаматтарды денсаулық жағдайларына байланысты медициналық мекемелер ұсынған қоғамдық жұмыстарға жіберсін.
Тармақ 6
6. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға республикада белгіленген ең аз еңбекақы мөлшерінен кем емес еңбек ақы белгіленсін.
Тармақ 7
7. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға 6 айға дейін қатысу мерзімін ұзарту үшін қаржы қарастырсын.
Тармақ 8
8. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.
Басқа 10. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың саны
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 8 ақпандағы «2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 30/2 қаулысына 1 қосымша Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың саны № Селолық округтардың атауы Жұмыс беруші – лердің аты – жөні Қоғамдық жұмысқа жіберілетін жұмыссыз - дар саны Шығын сомасы (мың теңге) 1 Восточный селолық округ Омаров Қ.С. 25 690,0 2 Жамбыл селолық округі Айтуғанов Н.Ғ. 30 690,0 3 Қазы селолық округі Жазитов Б.Қ. 10 230,0 4 Қызылағаш селолық округі Шотова С.Ш. 10 230,0 5 Қызыләскер селолық округ Тағлымов Т.Ғ. 15 414,0 6 Лебяжі селолық округ Халлемов С.Т. 53 860,0 7 Майқарағай селолық округ Айғазинов А.Р. 15 414,0 8 Малыбай селолық округі Дюсенов Е.Қ. 25 690,0 9 Шарбақты селолық округі Нұрғалиев Р.Қ. 15 414,0 10 Шақа селолық округі Сейтебаев Қ.Б. 2 55,0 11 Ямышево селолық округі Омаров М.Ә. 30 860,0 12 Аудандық ұйымдар мен кәсіпорындар 30 863,0 13 Барлығы: 260 6410,0
Басқа 11. 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 8 ақпандағы «2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 30/2 қаулысына 2 қосымша 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері
Тармақ 1
1. Елді мекендерді көркейту;
Тармақ 2
2. Коммуналдық меншікті, мәдени – әлеуметтік маңыздағы объектілерді, тұрғын үйлерді қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары, құрылысына қатысу;
Тармақ 3
3. Иесіз объектілерді және коммуналдық меншік объектілерін қорғау;
Тармақ 4
4. Тұрмыстық және тұрғын үй коммуналдық қызмет саласындағы жұмыстарға қатысу;
Тармақ 5
5. Зиянкестерге қарсы күрес бойынша профилактикалық іс шаралар;
Тармақ 6
6. Жасыл желектер отырғызу және елді мекендерді көгалдандыру;
Тармақ 7
7. Қорғаныс істер жөніндегі бөлімге шақыру науқанын өткізуге көмек көрсету;
Тармақ 8
8. Малдарды қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыстарына көмек көрсету.