Об организации социальных рабочих мест в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 5, 6-тармақтарына сәйкес, нысаналы топтағы халықты әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдар мен кәсіпорындарда әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Қаржы бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын аймақтың 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарының көрсеткіштеріне сәйкес каржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа ораластырылған жұмыссыздардың еңбек ақысы бюджет каражаты есебінен жүргізілсін және белгілі бір бөлігі жұмыс берушінің шығынымен өтелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 17 қаңтардағы
№ а-1/6 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын ұжымдар мен кәсіпорындардың
ТІЗБЕСІ
№
Ұжымдар
Адам саны
Ұзақтығы айы
Төлем көлемі
1
«Егіндікөл-Су» МКК
7
6
204,8
2
«Бондаренко» ЖК
3
6
87,7
3
«Сарымсақты» ЖШС
10
6
292,5
20
585,0