Об организации оплачиваемых общественных работ на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін кәсіпорындар тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемі және түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Тізбеде аталған қосымшаға сәйкес кәсіпорындар басшылары көрсетілген, «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге қоғамдық жұмыстарды орындауға шарттарын жасау үшін нақтылы жұмыс түрлерін және жұмыс шарттарын анықтасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған он күн өткеннен кейін бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.