Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2007 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарын және 2007 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5, 7-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келесі санаттағы халықтың нысаналы топтары анықталсын:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) ұзақ уақыт жұмыс істемеген азаматтар (бір жылдан артық);
Тармақша 12
12) келешегі жоқ жастағы тұлғалар (елу жастан асқандар);
Тармақша 13
13) бастауыш, орта және жоғары білім беру және курстық дайындық оқу мекемелерінің түлектері, жұмыссыз жастар.
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлгалардың уақытша жұмыспен қамтылуын және кәсіптік дайындығын анықтау жөніндегі шараларды қолдансын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамсыз ететін;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 4
4. «Халықтың нысаналы топтарын және 2007 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 272 қаулысы Ұзынкөл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтпеуіне байланысты күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.