Об организации общественных работ в Айыртауском районе на 2007 год Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылға Айыртау ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20- баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру, жөніндегі шаралар туралы» №836 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі «Қоғамдық жұмыстарды жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» №38 қаулысьі (тіркеу №398 2001 жылғы 30 шілде) негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес 2007 жылға төленетін қоғамдық жұмыстардың тізбесі;
Тармақша 2
2) қосымшаға сәйкес 2007 жылға қоғамдық жұмыстардың жоспары.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері қоғамдық жұмыс жоспарын 2007 жылдың ішінде орындауды қамтамасыз етсін, жоспардың орындалуы туралы ақпарат әр айдың 30 күніне ұсынылып тұрсын.
Тармақ 3
3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне:
аудан округтеріне шаққандағы жұмыссыздардың мақсаттык топтары анықталсын;
қоғамдық жұмыстарға, бірінші кезекте, мақсаттық топқа жататын жұмыссыздар тартылсын;
қоғамдық жұмыста жұмыс істейтін тұлғалардың еңбекақысы Солтүстік Қазақстаң облысы әкімдігінің «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» №38 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережеге сәйкес төленсін.
Тармақ 4
4. Ауданның қаржы бөліміне қоғамдық жұмыстардың қаржыландырылуын 2007 қаржылық жылға бекітілген қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Қ. Ғабдуллинге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Төленетін қоғамдық жұмыстардың тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «01» ақпан
қаулысына
1 қосымша
Төленетін қоғамдық жұмыстардың тізбесі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына елді мекендер аумақтарын жинауда көмек көрсету.
Тармақ 2
2. Жол құрылысы және жөндеу, су құбыры, газ, канализациялық және басқа да коммуникацияларды салу, кеспе тас және жол жиегінің тастарын салу, сондай-ак сол жұмыстар үшін қосалқы материалдарды (құрылыс тастарын, қиыршық тас, плиталар, құм т.б.) дайындау. Елді мекендердегі жолдарды ағымды жөндеу (шұңқырларды және жол жиегін қолда бар материалдармен жабу, көпір салу, кіріс жолдарын жөндеу).
Тармақ 3
3. Мелиоративтік жұмыстар, сондай-ақ көктемгі-күзгі су тасқынына байланысты жұмыстарды жүргізу.
Тармақ 4
4. Тұрғын үйлер құрылысына, қайта құру мен күрделі жөндеуге қатысу. Коммуналдык меншік болып табылатын білім бері мен әлеуметтік және мәдени мақсаттағы (ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер) объектілерді, селолық округ әкімі аппараттарына және басқа да бюджеттік ұйымдар үшін жалға алынған ғимараттарды қысқа дайындау, жөндеу және құрылыс жұмыстарын атқару бойынша көмек көрсету, егер жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға қаражат қарастырылмаған болса, немесе олар объектілерді тиісті жағдайда ұстауға жеткіліксіз болса.
Тармақ 5
5. Тарихи-сәулет ескерткіштерді, кешендерді және қорық аймақтарын қалпына келтіру.
Тармақ 6
6. Өңірлерді экологиялық сауықтыру, көгалдандыру, аумақтарды көркейту (ағаш отырғызу, гүл егу), орман-саябақ шаруашылығын, дем алу мен туризм аймақтарын сақтау және өркендету, қаңғырма жануарларды аулау.
Тармақ 7
7. Спорттық іс-шараларды, мерейтой салтанаттарын, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу, соның ішінде мұз қалашықтарын салуда қосалкы жұмыстарды да атқару.
Тармақ 8
8. Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандарға қатысу халық пікірін білу үшін сауалнама, халық санағы, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша статистикалық зерттеулер жүргізу.
Тармақ 9
9. Халықтың аз камтамасыз етілген жіктеріне және жалғыз тұратын қарттарға, жаңадан келген оралмандарға, сондай-ақ ауданның коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар мен әлеуметтік-мәдениеттік мақсаттағы объектілерге отын және жемазык дайындауда, көмірді жеткізуге және түсіруге көмек көрсету.
Тармақ 10
10. Үй шаруашылығының санағына және шаруашылык кітаптарды жасауға көмек корсету.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік-мәдениеттік мақсаттағы маңызды объектілерді, сондай-ақ аудан әкімдігінің коммуналдык меншігіндегі бос ғимараттарды күзету.
Тармақ 12
12. Шалғай елді мекендерде тұрып жатқан халықты кұжаттандыру жөніндегі ұйымдастыру жұмысына уақытша көмек көрсету (халықты құжаттандыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және жинау бойынша көмек).
Тармақ 13
13. Селолык елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін құқықтық корғау органдарына жәрдемдесу жасақтарына қатысу.
Тармақ 14
14. Есірткі заттарды сатудың және пайдаланудың болжамалы жерлерінде, сенім пунктерінде жұмыс істеу.
Тармақ 15
15. Балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын балалар-жасөспірімдер клубтары аркылы ұйымдастыру жөнінде бір жолғы жұмыстарды (мереке күндеріне және мерейтойларға дайындық) жүргізу.
Тармақ 16
16. Саябақтардың, скверлердің аумағын көркейту және күзету (жеке меншіктегі объектілерден баска).
Тармақ 17
17. Зираттарды, қоқыс жинайтын жерлерді көркейту, соның ішінде қалдықтар жинауды ұйымдастыру.
Тармақ 18
18. Бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде жылыту маусымы кезеңінде пеш жағушының жұмысы.
Тармақ 19
19. Жалғызбасты ауру қарт азаматтарды күту (тамақ, дәрі-дәрмек сатып әкелу, үй ішін жинау, ағарту, еден сырлау, кір жуу, көкөніс отырғызу және жинау, арам шөптен тазарту).
Тармақ 20
20. Иесіз жылжымайтын мулікті анықтауға көмек көрсету.
Тармақ 22
22. Тұрғындарды тұрғылықты тұрғын жері бойынша тіркеу және кұжаттандыруда техникалық кызмет корсету.
Тармақ 23
23. Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі тапсырмаларды орындау.
Тармақ 24
24. Арыздар бойынша мемлекеттік тілде іс жүргізуге көмек көрсету.
Тармақ 25
25. 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемакылар тағайындауда қажетті құжаттар жинау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша көмек көрсету.
Ескерту: 6,11,17,18 және 19 – тармақтармен белгіленген жұмыстар ұйымдар мен мекемелердің штат кестесінде тиісті бірлік болмаған жағдайда қолданылады, егер де бұл мақсаттарға жергілікті бюджетте қаражат қарастырылмаса.
Басқа 34. 2007 жылга Айыртау ауданында қоғамдық жұмыстардың ЖОСПАРЫ
Солтүстік Қазақстан облысы
Айртау ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «01» ақпан
№ 27 қаулысына
2 қосымша
2007 жылга Айыртау ауданында қоғамдық жұмыстардың ЖОСПАРЫ
№ р/с
Селолық округ атауы
2007 жылға жоспар
Адам саны
Сомасы, мың теңге
1
Антонов
15
552,8
2
Арықбалық
43
1357,2
3
Володар
108
3573,3
4
Гусаковка
11
319,6
5
Жетікөл
12
400,0
6
Елецкий
6
254,6
7
Имантау
25
851,3
8
Казанка
18
631,2
9
Қамсақты
11
605,5
10
Қаратал
15
439,5
11
Константинов
10
354,4
12
Лобанов
18
940,7
13
Нижнебурлук
8
291,1
14
Сырымбет
15
417,9
15
Украин
15
710,9
БАРЛЫҒЫ:
330
11700
Ескерту: қоғамдык жұмыстар жүргізудің орта мерзімі бір жұмыссызға 3 (үш) ай.