2007 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысын орындау мақсатында, Кентау каласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдык жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалық халыкты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Б Жаванов) бекітілген тізбеге сәйкес 2007 жылы қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы 1 айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қалалык каржы бөлімі (Н.А Нұржанов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қарастырылған қаржыны бекітілген қаржы жоспарына сәйкес бөлінуін қамтамассыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы газет бетінде жарияланған күннен бастап, қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.И.Рысбаевқа жүктелсін.
Басқа 7
Кентау каласы әкімдігінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 14 каулысына қосымша 2007 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі № п/п Ұйымдардың тізбесі Жұмыстардың түрлері Жұмыспен қамтылғандардың саны адам 1 Хантағы елді мекен әкім аппараты Әлеуметтік маңызы бар және баска да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын аныктау. 20 2 Байылдыр едді мекен әкім аппараты Әлеуметтік маңызы бар және баска да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау. 20 3 Қарнақ ауыл әкім аппараты Әлеуметтік маңызы бар және баска да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау. 20 4 Ащысай елді мекен әкім аппараты Әлеуметтік маңызы бар және баска да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау. 20 5 Қалалык білім беру бөлімі Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмекгесу. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. «Жазғы демалыс», «Мектептерге қамкорлық», «Кітапқа екінші өмір» пилоттык жобалар бойынша. 6 6 Қалалык мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Ш.Қалдаяков атындагы мәдениет сарайы Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу. Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу. «Естелікке тағзым» пилоттық жоба, «Мемлекеттік тілді дамытуын іске асыру» пилоттык жоба. 5 7 Ішкі істер бөлімі «Тәртіп», «Сақшы», «Консьерж бақылаушы» пилоттык жобалары. Әлеуметтік маңызы бар және баскада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. 20 8 Тұрғын үй - коммуналдык шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Көгалдандыру, ағаштар отырғызу. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету және аймақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру. Негізгі еңбек индикаторын аныктау. 280 9 Ішкі саясат бөлімі Жастармен жұмыс жасауды ұйымдастыру. Әлеуметтік маңызы бар және баскада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. 8 10 Сәулет және қала кұрылыс бөлімі Әлеуметтік маңызы бар және баскада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. 38 11 Еңбекпен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Мүгедек балалар», «Естелік» пилоттык жобалар. Әлеуметтік маңызы бар және баскада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. 15 12 Дене шыныктыру және спорт бөлімі «Жазғы демалыс» пилотык жоба, әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. 7 1З Құрылыс бөлімі «Кұрылыс бригадасы» пилоттык жобалар. Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу. 6 І4 Жер қатынастар бөлімі Әлеуметтік маңызы бар және баскада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. 35 Барлығы 500 Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1-6 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың турлері және ұйымдардың тізбесі 2007 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдык жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін. Жұмыссыздардың еңбекақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.