Об организации общественных работ в Енбекшильдерском районе на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Еңбекшілдер ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» №149 Заңына 20 бабына, және Үкіметтің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында шаралар белгілеу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Степняк қаласының және ауылдық округтердің әкімдерімен, мекеме басшыларымен бірлесе (келісімі бойынша) отырып, 2007 жылы жұмыссыздарға арнап , ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі, ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі сонымен қатар жұмысқа тартылатын адамдар саны бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру аудандық бюджеттің қаржы есебінен заңнамада белгіленген ең төменгі бір айлық еңбек ақыдан кем болмайтындай мөлшерде және нақты атқарылған жұмыс көлеміне сәйкес жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды осы мақсаттағы 2007 жылға арналған бюджет қаржысымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайы, қатысушылардың еңбек ақы мөлшері жекелеген еңбек шарттарында анықталсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сайранұлы Омаровқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. 10 қаңтар 2006 жылғы № а-1/9 қаулы «2006 жылы Еңбекшілдер ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден №1-10-30 25 қаңтар 2006 жылғы өткен қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық әкімдігінің қаулысы құқықтық қатнасы пайда болуы туралы 2007 жылғы 3 қаңтардан бастап қолданылады.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде аудандық «Жана дәуір», «Сельская новь» газетінде жариялануы тиіс.
Басқа 10. 2007 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелер тізбесі
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 15.02. қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы №а-2/25 қаулысына қосымша БЕКІТЕМІН: 2007 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелер тізбесі № Мекемелер атауы Ақылы қоғамдық жұмыс түрлері Жұмысқа тартылатын адам саны Жұмыс көлемі (аула, шаршы метр) 1 Ақсу ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау 3 3000 ш.м. 2 Аңғал батыр ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау. 5 5000 ш.м. Аулаларды аралау халық санағын алу. 2 сағаттық 3 Баймырза ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау. 1 900 ш.м. 4 Бірсуат ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау. 3 3800 ш.м. Аулаларды аралау халық санағын жүргізу. 1 сағаттық 5 Уәлихан ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау. 4 4200 ш.м. Көріктендіру және жасылдандыру 2 2220 ш.м. 6 Донской ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту. 4 3924 ш.м. Аулаларды аралау халық санағын алу. 3 сағаттық 7 Кенащы ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау. 1 980 ш.м. 8 Краснофлот ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту 2 1931 ш.м. Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау. 1 831 ш.м. Аулаларды аралау халық санағын жүргізу. 1 сағаттық 9 Үлгі ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту 7 7000 ш.м. Тұрғын алаңын көркейту аулаларды көң-қоқыстан тазалау. 7 7500 ш.м. Аулаларды аралау халық санағын жүргізу. 6 сағаттық 10 Заурал ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту 1 920 ш.м. 11 Макин ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау. 10 10000 ш.м. Аулаларды аралау халық санағын жүргізу. 2 сағаттық 12 Мамай ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау. 3 3570 ш.м. 13 Заозерный ауылдық округі Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау. 3 3650 ш.м. Аулаларды аралау халық санағын жүргізу. 2 сағаттық 14 Степняк қаласы әкімінің аппараты Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау. 8 16000 ш.м. Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру). 10 11072 ш.м. Аулаларды аралау халық санағын жүргізу. 13 сағаттық Шұңқырлы жолдарды жөндеу, жол көрсету белгілерін қою. 2 1 ш.м. 20 см. алаңда Аз қамтылғандарды тексеру және әлеуметтік картамен жұмыс істегенде учаскелік комиссияға көмектесу, атаулы әлеуметтік көмек, балаларға жәрдем ақы белгілеу. 4 сағаттық Иесіз құрылыстарды тазалауға көмектесу. 4 3 нысан Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйлерін жөндеуге көмектесу. 4 сағаттық Жеке тұлғаларға мүлік пен жер салығы туралы хабарлама тарату. 4 сағаттық Аумақты қардан, мұздан тазалау, қарқалашығын салу. 9 10000 ш.м. Тұрғындарды құжаттандыру шараларын ұымдастыруға көмектесу. 5 сағаттық 15 Аудан әкімінің аппараты Техникалық мақсаттағы жұмысшылармен жұмыс істеу. 2 сағаттық 16 Қорғаныс істері жөніндегі бөлім Тіркеу және әскерге шақыру комиссиясынан өту кезінде көмек көрсету 7 сағаттық 17 Аудан ішкі істер бөлімі Ойдағыдай емес отбасыларын тексеру, шақыру қағазын тапсыру. Құқық органдарында алдын-алу жұмыстары. Техникалық мақсаттағы жұмысшылармен жұмыс істеу. 3 Сағаттық Аумақты тазалау, жөндеу жұмыстары. 1 1100 шаршы метр Барлығы аудан бойынша 150