Об организации социальных рабочих мест в Астраханском районе в 2007 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Астрахан ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарын құруға берген өтініштерін қарап, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Ақмола облысының әділет Басқармасында 2003 жылғы 25 ақпанда 1570 нөмірмен тіркелген, Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы №а-2/49 «Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, мақсатты топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы мақсатты топтарға жататын жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
Тармақша 1
1) жұмыс берушінің қабылданған жұмысшыларға төлеген еңбек ақысының бір бөлігіне жергілікті бюджет есебінен 2048 мың теңге көлемінде өтемақы төлесін.
Тармақша 2
2) әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздарды кейін тұрақты жұмысқа орналастыру кепілдік беретін, еңбек ақыны көбірек төлейтін және жұмыста қолайлы жағдай туғызатын , немесе ауылында мақсатты топқа жататын, жұмыссыз аз қамтылған азаматтардың көбі тұратын елді мекендегі әлеуметтік жұмыс орнын құрауға өтінім берген жұмыс берушіге көбірек қолдау жасасын.
Тармақша 3
3) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда мақсатты топқа кіретін аз қамтылған азаматтарға басымырақ құқық берілсін.
Тармақ 4
4. Қаржы бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Собескийге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қаулы өз күшіне Астрахан ауданының әділет Басқармасында тіркелген күнінен бастап енеді, «Маяк» газетінде жарияланған күннен бастап әрекет етуге кіріседі.
Басқа 10
Астрахан аудан әкімдігінің 2007 жылғы «31» 01 № 65 қаулысы Әлеуметтік жұмыс орындары ашылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі № Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелердің атауы Қатысатын жұмыссыздардың саны Соның ішінде мына жұмыс түрлері бойынша Басқа түрлері Экологиялық сауықтыру, көркейту әлеум.мәдени маңыздағы объектілерді және автомобиль жолдарын жөндеуге қатысу 1 «Жалтырский элеватор» ЖШС 6 2 2 2 2 «Бетеге-У» ЖШС 6 2 2 2 3 «Мария» ЖШС 8 4 4 4 ЖК«Экажев М.М.» 8 5 3 5 ЖК «М.Т.Чинчалинова» 2 2 6 ЖК «Д.Сағадатов» 2 2 7 «С.Я.Свяцкий» Ш/Қ. 4 2 2 8 «Агро-Цес»ЖШС 3 2 1 9 «Камышенка» ЖШС 3 2 1 10 ЖК «Абуқызы Мунлық» 2 1 1 11 «Острогоркий» ЖШС 3 2 1 12 ЖК «Тайжан» 2 2 13 ЖК «Я.Албагачиев» 2 1 1 14 «Астраханский кирпичный завод-150» ЖШС 15 «Жалтырская нефтебаза» ЖШС 2 2 16 ЖК «Избасаров и К» 4 2 2 17 «Зеленое-1» ЖШС 3 1 2 Барлығы: 70 34 10 26 Аудан әкімдігі қаулысының қосымшасында пайдаланған қысқартылған сөздердің тізімі: ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ш/Қ - шаруа қожалығы СС - сенім серіктестігі ЖК - жеке меншік кәсіпкер ЖК - жеке кәсіпкер ӨК - өндірістік кооператив