Об организации общественных работ в Астраханском районе на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Астрахан ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы Қоғамдық жұмыстар жүргізуге жұмыс берушілердің өтініштерін, «Шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы сараптамалық қорытындысын қарап, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің 7, 8 тармақтарына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында және оларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымша бойынша, 2007 жылы ауданның ауылдық округтеріндегі, ұйымдарындағы, кәсіпорындарындағы жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстардың көлемі 8891 мың теңге болып бекітілсін. Қаржыландыру аудан бюджетінің қаражатынан жүргізілсін. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбекақысы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес реттелсін.
Тармақ 3
3. Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін: 24 жасқа дейінгі жастар; ұзақ мерзім жұмыс істемеген азаматтар.
Тармақ 4
4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорын, ұйым басшылары қоғамдық жұмыстарды ұсынылған өтінімдер бойынша, уақытша жұмыс орнын жасау жолымен жүргізсін.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтарды қоғамдық жұмыстарға кезекте түру тәртібімен, тіркелу күні бойынша, қоғамдық жұмыстарға Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағы бойынша ең алдымен мақсатты топтағы жұмыссыздарды бағыттасын.
Тармақ 6
6. Аудандық қаржы бөлімі 2007 жылы ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімдік жоспарының көрсеткіштері бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландырсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын аудан әкімінің орынбасары В.Собескийге жүктелсін.
Тармақ 8
8. Қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, «Маяк» газетінде жарияланған күннен бастап әрекет етуге кіріседі.
Басқа 9
Астрахан ауданы әкімдігінің 2007 ж. 26.01. №57 қаулысына қосымша Кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың тізбесі № Кәсіпорындар, Ұйымдар және мекемелердің атаулары Қатысушы жұмысыздар саны Осыдан жұмыс түрлері Экологиялық сауықтыру, жөндеу Шағын ауланы аралау, халыққа санақ жүргізуге Үйлерді және әлеуметтік мәдени объектілерді жөндеуге қатысу Басқа түрлері 1. Астрахан ауылдық округі әкімінің аппараты 85 30 15 25 15 2. Жалтыр ауылдық округі әкімінің аппараты 40 20 5 10 5 3. Староколутон ауылдық округі әкімінің аппараты 10 4 2 3 1 4. Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты 20 10 3 5 2 5. Новочеркасск ауылдық округі әкімінің аппараты 10 5 2 2 1 6. Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты 15 6 2 5 2 7. Колутон ауылдық округі әкімінің аппараты 15 5 2 5 3 8. Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты 8 4 2 1 1 9. Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты 5 3 1 1 10. Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты 20 10 3 5 2 11. Камышен ауылдық округі әкімінің аппараты 8 3 2 2 1 12. Бесбидайық ауылдық округі әкімінің аппараты 8 3 2 2 1 13. Острогор ауылдық округі әкімінің аппараты 7 3 2 1 1 14. Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты 15 6 4 2 3 15. Камен ауылдық округі әкімінің аппараты 7 3 2 1 1 16. Астрахан аудандық әкімінің аппараты 10 6 4 17. Ішкі саясат 1 1 18. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2 2 19. Білім бөлімі 5 3 2 20. Қаржы бөлімі 2 2 21. Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі 2 2 22. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 5 2 3 Барлығы: 300 121 21 75 53