Об организации социальных рабочих мест в Атбасарском районе в 2007 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Атбасар ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының, Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № а-2/49 «Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша шараларды белгілеу мақсаттарында, Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын және «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметгік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (алдағы ММ) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша шарт бекіткен кәсіпорындар мен ұйымдардың (келісім бойынша) қосымша тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Төлегенова Ә.Қ.) 2007 жылы ұйымдар мен кәсіпорындарда құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс ұйымдастырылсын, сонымен қатар мақсатты топтарға енетін, аз қамтылған жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға басым құқық беру.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жумыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек төлемін жұмыс берушінің қаржысынан жарым-жартылай шығындардың өтемақысын аудандық бюджет қаржысынан еңбек төлемін жүргізсін.
Тармақ 4
4. «Атбасар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ (Серкебаева М.Н.) 2007 жылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орташа мерзімді көрсеткіштеріне сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының іс-әрекеті 2007 жылдың 3 қаңтарында шыққан құқықтық қатынасқа таратылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.И. Боброваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Басқа 8. 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпорындар, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері мен көлемдерінің ТІЗБЕСІ
Атбасар ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 24 ақпандағы № а-2/45 қаулысына қосымша 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпорындар, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері мен көлемдерінің ТІЗБЕСІ № Кәсіпорындардың атаулары Әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері Адамдардың саны Бір адам орындаған жұмыстың көлемі 1. «Ахметов» жеке кәсіпкер (келісім бойынша) Ғимараттарды от жағуда көмек 46 1 нысаннан 2. «Жолаушыларды тасымалдау» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын Ғимараттарды жөндеу және жинауда көмек 6 әрқайсысына 500 кв. метрден 3. «Вафина» жеке кәсіпкер (келісім бойынша) Ғимараттарды жөндеу және жинауда көмек 2 әрқайсысына 500 кв. метрден 4. «Нұрұмова» жеке кәсіпкер (келісім бойынша) Сауда-сатьш алу қызметі 14 әрқайсысына 180 сағаттан Ғимараттарды жөндеу және жинауда көмек 2 әрқайсысына 500 кв. метрден Ғимараттарды күзету және от жағуда көмек 3 1 нысаннан 5. «Атбасар тігін фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) Тігін бұйымдарын дайындау 3 әрқайсысына 180 сағаттан 6. «Е.Рахметов» шаруа фермер қожалығы (келісім бойынша) Әр түрлі жұмысшылар 2 әрқайсысына 180 сағаттан 7. «Белимова Н.В.» жеке кәсіпкер (келісім бойынша) Әр түрлі жұмысшылар 2 әрқайсысына 180 сағаттан