О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Темиртау на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы Teміртаy қаласының күндізгі білім беру ұйымдарының оқушыларын қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксилерден басқа) жол жүрулеріне жеңілдік беру туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Казакстан Республикасындагы жерплжт1 мемлекегпк баскару туралы», Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы «Білім туралы», Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңдарына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 36 сессиясының № 36/6 «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» 8-3-30 нөмірмен тіркелген шешімінің негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ETTI:
Тармақ 1
1. 2007 жылы келесі санаттағы оқушыларға қалалық автобус маршруттарында (таксилерден басқа) жол жүрулеріне жеңілдік беру белгіленсін:
Тармақша 1
1) жалпы білім беру мектептерінің бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа
дейінгі сыныптарының, сонымен қатар гимназиялардың, лицейлердің осы
сыныптарының оқушылары мен тәрбиеленушілері тиістi оқу орны берген
бірдей үлгідегі оқушылардың арнайы жол билеттерін көрсеткенде ақысыз жол
жүру құқығына ие болады;
Тармақша 2
2) жалпы білм беру мектсптерінің тоғызыншы сыныптан он бірінші
сыныпқа дейінгі сыныптарының, сонымен қатар гимназиялардың, лицейлердің
осы сыныптарының оқушылары мен тәрбиеленушілері Теміртау қаласының қоғамдық көлігінде жол жүргенде білім беру ұйымы берген анықтаманы көрсеткенде, қолданыстағы тариф құнының 50 %, яғни бip рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді;
Тармақша 3
3) Теміртау қаласының кәсіптік мектептері мен колледждерінің оқушылары, жоғары оқу орындарының күндіз оқитын студенттері Теміртау қаласының қоғамдық көліктерінде жол журуі кезінде тиісті оқу орны берген студенттік билеттерін немесе оқушылық билеттерін көрсеткенде қолданыстағы тариф құнының 50 %, яғни бip peт жол жүргені үшін он бес теңгедеп артық төлемейді.
Тармақ 2
2. Жол жүру жеңілдігі жыл бойына, жексенбі мен мереке күндерінен
басқа уақытқа, сағат 7.00-ден 20-00-ге дейін беріледі. Теміртау қаласының
маусымдық (саяжайлық) маршруттарында үнемі қызмет көрсететін автобустарда жол жүруге жеңілдік берілмейді.
Тармақ 3
3. Жол жүру жеңілдігі басқа қалалардың білім беру ұйымдарының
тәрбиеленушілері мен оқушыларына, сондай-ақ оқудың күндізгі түріне
жатпайтын оқу орындарының оқушыларына қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуып бақылау қалалық мәслихаттың экономика,
өндipic және қызмет көрсету салаларының мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
«Теміртау қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ Ж.Шонаев
«6» ақпан 2007 ж.