О государственных закупках зерна в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы астықты мемлекеттiк сатып алу туралы Республиканың азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету, стратегиялық мәнi бар астық нарығын жедел реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. 2007 жылғы егiннiң астығын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы: көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы 3892000000 (үш миллиард сегiз жүз тоқсан екi миллион) теңге мөлшерiнде; күзгi кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға 2316382000 (екi миллиард үш жүз он алты миллион үш жүз сексен екi мың) теңге мөлшерiнде белгіленсiн. Көктемгi-жазғы кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгi кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С.Есiмовке жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi және ресми жариялануға тиiс.